Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Алматы облысында 1,5 млрд теңгеге жаңа мәдениет үйі ашылды

Алматы облысының Жамбыл ауданына қарасты Қарғалы ауылында Республика күні қарсаңында жаңа мәдениет үйі пайдалануға берілді. Құны 1,5 млрд теңгеге жуық нысан ауыл тұрғындарының мәдени демалысын ұйымдастыруға және жастардың шығармашылық қабілетін дамытуға мүмкіндік береді, деп хабарлайды Alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
24.10.2026
Жаңалықтар

Мәдениет үйінің жалпы аумағы 3 мың шаршы метрден асады. Заманауи ғимаратта 350 орындық көрермен залы, 50 орындық шағын мәжіліс залы, кітапхана, асхана, хореография залы және түрлі шығармашылық үйірмелерге арналған бөлмелер қарастырылған.

Жаңа нысанның ашылу салтанатына өңірдің зиялы қауым өкілдері, ардагерлер, өнер қайраткерлері және ауыл тұрғындары қатысты. Мерекелік шараға арнайы келген Алматы облысының әкімі Шыңғыс Әрінов тұрғындарды Республика күнімен және жаңа мәдениет үйінің ашылуымен құттықтады. Өңір басшысы Қарғалының Жамбыл ауданындағы ірі елді мекендердің бірі екенін атап өтіп, халық санының өсуіне байланысты әлеуметтік және мәдени инфрақұрылымды дамыту маңызды екенін жеткізді.

«Бүгін біз үшін қос қуаныш! Ұлық мерекеміз – Республика күні қарсаңында Қарғалы ауылында сәулеті келіскен, заман талабына сәйкес салынған мәдениет үйі есігін айқара ашып отыр. Осы айтулы оқиғамен баршаңызды құттықтаймын! Өздеріңіз білесіздер, Қарғалы – Жамбыл ауданындағы халық саны жағынан Ұзынағаштан кейінгі ең ірі ауылдық округ. Тарихы – терең, тірлігі – берекелі, еңбекқор халқымен танылған іргелі елді мекен. Осындай үлкен ауылдың заманауи руханият ошағына деген сұранысы да жоғары екені белгілі. Жаңа мәдениет үйі осы қажеттілікті өтеуге бағытталған маңызды нысан. Бұл – ауыл тұрғындарының мәдени демалысын ұйымдастыруға, жас ұрпақтың шығармашылық қабілетін дамытуға жасалған нақты қадам», – деді облыс әкімі.

Қарғалы – соңғы жылдары халқы көбейіп, әлеуметтік инфрақұрылымға сұраныс артып келе жатқан елді мекендердің бірі. Сондықтан жаңа мәдениет үйінің ашылуы ауыл тұрғындары үшін маңызды оқиғаға айналды. Жергілікті тұрғын Шәріпбек Уағызұлы көптен күткен нысанның пайдалануға берілуі ауыл халқының қуанышын еселегенін айтады.

«Бүгін ақ түйенің қарны жарылған ақжарылқап күн болды. Барша ауыл тұрғыны бір марқайып қалды. Өйткені бұл сәтті асыға күттік. Еліміз егемендік алғаннан кейінгі жылдары елді мекен өркендеп, дамыды. Осында көшіп келушілер саны артып, елге ел қосылып, құтты мекенге айналды. Сондықтан жаңа нысан бізге тамаша тарту болды», – деді ауыл тұрғыны.

Жаңа мәдениет үйі ауылдағы мәдени-көпшілік іс-шараларды өткізуге ғана емес, балалар мен жасөспірімдердің өнерге деген қызығушылығын арттыруға да бағытталған. Мұнда тұрғындар түрлі шығармашылық үйірмелерге қатысып, би өнерімен айналысып, кітапхана қызметін пайдалана алады. Ал кең көрермен залы концерттер, театрландырылған қойылымдар мен мәдени кездесулер ұйымдастыруға мүмкіндік береді.

Тегтер: Алматы облысыҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында Республика күніне орай 250-ге жуық іс-шара өтіп, 28 жаңа нысан ашылды

Қорлан Нұрланқызы
25.10.2026

Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Қорлан Нұрланқызы
25.10.2026

Президент Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады

Қорлан Нұрланқызы
25.10.2026

Республика күні қарсаңында Қонаевта 3 мың ағаш отырғызылды

Қорлан Нұрланқызы
24.10.2026

Қарасай ауданында 51 шақырымдық жаңа су құбыры пайдалануға берілді

Қорлан Нұрланқызы
24.10.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz