Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Қарасайда жол ережесін өрескел бұзған жүргізушілер жазаланды

Қарасай ауданында әлеуметтік желіде тараған бейнежазбадан кейін жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзған жүргізушілер анықталды. Полиция оқиғаға қатысушыларға қатысты барлығы 14 әкімшілік хаттама толтырған, ал сот құқық бұзушыларға 10 тәулікке әкімшілік қамақ жазасын тағайындады, деп хабарлайды Alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
07.10.2026
Жаңалықтар

Полиция мәліметінше, 3 қазанда әлеуметтік желіде Алматы – Астана автожолындағы бірнеше көліктің қауіпті әрекеттері түсірілген бейнежазба жарияланған. Кадрларда жүргізушілердің жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзғаны байқалған.

Бейнежазба жарияланғаннан кейін полиция қызметкерлері оқиғаға қатысушыларды анықтау бойынша жедел іс-шаралар жүргізді.

Тексеру барысында 3 қазан күні сағат 00:30 шамасында жүргізушілердің Жібек Жолы ауылындағы мейрамханадан шығып, Алматы – Астана автожолымен қозғалғаны анықталған.

Полиция мәліметіне сәйкес, әкімшілік жауапкершілікке төрт жүргізуші – Жолдасбай Еркебұлан, Махсетов Бекарыс, Жұмалиев Ержан және Тұрғанбай Ардақ тартылды. Оларға қатысты жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзу және бұзақылық фактілері бойынша 13 әкімшілік хаттама толтырылған.

Сонымен қатар тәртіп сақшылары BMW автокөлігінің люгінен пиротехникалық бұйымдарды іске қосқан Базарымбетов Мейірбектің жеке басын анықтады. Оған қатысты да әкімшілік хаттама рәсімделген.

Осылайша, аталған оқиға бойынша барлығы 14 әкімшілік хаттама толтырылды.

Іс материалдарын қараған сот құқық бұзушыларға 10 тәулікке әкімшілік қамақ түріндегі жаза тағайындады.

Полиция жол үстіндегі демонстрациялық және қауіпті әрекеттер тек ереже бұзу ғана емес, өзге жүргізушілер мен жолаушылардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретінін ескертті. Тәртіп сақшылары мұндай құқық бұзушылықтар ерекше бақылауда екенін атап өтті.

Тегтер: Алматы облысыҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

Қарасайда жол ережесін өрескел бұзған жүргізушілер жазаланды

Қорлан Нұрланқызы
07.10.2026

Алматы облысының тауларында адасып кеткен екі жасөспірім құтқарылды

Қорлан Нұрланқызы
07.10.2026

Қарасай ауданында 1607 адам тұрақты жұмысқа орналасты

Қорлан Нұрланқызы
07.10.2026

Жаңа Конституция: мәселені шешуге бастайтын жаңғыру

Қорлан Нұрланқызы
07.10.2026

Алматы облысында грек-рим күресінен республикалық турнир басталды

Қорлан Нұрланқызы
07.10.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz