2008 жылы туған екі жасөспірім таудан төмен түсіп келе жатып белгіленген маршруттан адасып кеткен. Оларға Алматы қаласының Мониторинг және жедел ден қою орталығының құтқарушылары көмекке шықты.
Іздестіру жұмыстары барысында мамандар жасөспірімдерді тауып, қауіпсіз жерге дейін алып түсті. Құтқарушылар оларды «Аю-Сай» бөгетіне жеткізген.
Оқиға салдарынан жасөспірімдер зардап шеккен жоқ. Оларға медициналық көмек қажет болмады. Кейін оларды туыстары қарсы алып, қалаға жеткізді.
Құтқарушылар тауға шығуды жоспарлаған азаматтарға қауіпсіздік талаптарын сақтаудың маңызын ескертеді. Мамандар сапар алдында маршрутты мұқият жоспарлап, ауа райы болжамын тексеруге кеңес береді. Сондай-ақ жақындарына қай бағытқа баратынын және шамамен қай уақытта оралатынын алдын ала хабарлаған жөн.
Таулы аймақта ауа райы мен көріну деңгейі қысқа уақыт ішінде өзгеруі мүмкін. Сондықтан бағыттан ауытқымау, байланыс құралдарын өзімен бірге алып жүру және физикалық мүмкіндікті ескеру қауіпсіз сапардың негізгі шарттарының бірі.





