Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Алматы облысы Қарасай ауданында иттерді соятын орын табылды

Алматы облысы, Қарасай ауданы, Көлді ауылында иттерді соятын орын табылды. Волонтерлердің айтуынша сойылған ит еті саудаға шығарылады, деп хабарлайды Alataunews.kz ақпарат агенттігі

26.08.2022
Жаңалықтар, Қоғам
Ашық дереккөзден

Ашық дереккөзден

Анастасия Малыгина есімді тұрғын өзінің пародалық итін ит аулаушылар алып кеткенін естіп, іздеу салады. Тіпті көмекке еріктілерді шақырады.

«Мен ит аулаушыларға хабарластым. Олар қандай ит деп сұрады. Мен фотосын жібердім. Олар маған «бұл ит емес қой» деп жауап берді, мазақ қылғандай. Сол күйі итімді таппадым», — дейді Анастасия Малыгина.

Ит аулаушылар мекемесіне барған еріктілерді жұмысшылар бір сағат күшпен ұстаған. Тіпті қоқан-лоққы көрсетіп, қол жұмсаған.

«Бізді былапыт сөздермен боқтап, көлігіміздің есігін ұрғылады. Жолымызды жауып жүргізбей тастады», — дейді волонтер Мина Исмаилова.

Еріктілер жапанда жалғыз, оқшау тұрған жерді тауып алған. Ол ит соятын орын болып шықты. Олар келген бойда 17 итті босатқан.

«Иттердің бас сүйегі жатты. Кейбір бас сүйек жаңа сойылған иттікі. Мұнда міне, пышақ, итті ұратын темір таяқ, құрал-жабдықтың бәрі бар. Міне қараңыздар. Жаңа аққан қанның іздері», — дейді Мина Исмаилова.

Ит соятын орында газ баллон мен таразы да тұр. Полиция қызметкерлері аталған іс бойынша тергеуші тағайындалып, тергеу ісі басталғанын айтады. Ал Көлді ауылының әкімі Серік Қалижанұлы ауыл маңындағы ит соятын орынды бірінші рет көргенін айтады. Оқиғаны егжей-тегжейлі тексерген соң қандай да бір мәлімет беретінін айтты.

 

1 of 6
- +
Тегтер: Көлді ауылы

Соңғы жаңалықтар

Тазалық – туған жерге деген құрмет

Акжаркын
02.10.2026

Меншік құқығын қорғау – заңның басты қағидаларының бірі

Акжаркын
02.10.2026

Интернет алаяқтық – заманауи қауіп

Акжаркын
02.10.2026

Жолдағы тәртіп – қауіпсіздіктің кепілі

Акжаркын
02.10.2026

Алматы облысының Іле ауданында бірнеше ауылдың жолы жөнделіп жатыр

Қорлан Нұрланқызы
02.10.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz