Сыдық Дәулетовтің Іле ауданымен байланысы 2001 жылдан басталады. Дәл сол жылы Ақши ауылында «Дәулет-Бекет» шаруашылығы құрылды. Алғашында санаулы түйеден басталған кәсіп жылдар өте ірі шаруашылыққа айналып, бүгінде мұнда бес мыңға жуық түйе өсіріледі.
Кәсіпкердің есімі 2025 жылы тағы бір ерекше оқиғамен аталды. Іле ауданында ұйымдастырылған ауқымды түйе керуені Гиннестің рекордтар кітабына еніп, қазақтың дәстүрлі түйе шаруашылығына көпшіліктің назарын аударды.
Дауыс бергеннен кейін Сыдық Дәулетов ауыл тұрғындарымен тілдесіп, өзі ширек ғасырға жуық еңбек етіп келе жатқан Ақши ауылы туралы да айтты.
“Менің тірлігім де, кәсібім де осы ауылмен байланысты. Осында шаруашылықты бастадық, осында өсіп-өндік. Ауылдың берекесі — еңбекте. Мал шаруашылығын сақтап, оны заманға сай дамыту маңызды. Ақшидың өсіп-өркендеп, елдің амандығы мен тыныштығы арта беруін тілеймін”, — деді Сыдық Дәулетов.
Бүгінде «Дәулет-Бекет» атауы Ақши ауылымен қатар аталады. Бірнеше түйеден басталған кәсіптің бес мың басқа дейін өскен жолы да осы Іле ауданында қалыптасты.
Сыдық Дәулетов бұл жолы да алысқа барған жоқ: дауысын өзінің шаруашылығы орналасқан, ширек ғасырға жуық еңбек етіп келе жатқан Іле ауданында берді.





