Оқиға Қарғалы ауылында болған. «112» пультіне бір жасар баланың аяғы дәретхана конструкциясының құбырына қысылып, өздігінен шығара алмай жатқаны туралы хабарлама түскен.
Шақырту орнына Төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкерлері жедел жетті. Баланың аяғы металл конструкцияға қатты қысылып қалғандықтан, оны қарапайым тәсілмен босату мүмкін болмаған.
Құтқарушылар сәбиге зақым келтірмеу үшін аса сақтықпен әрекет етті. Арнайы металл кесетін қайшылардың көмегімен құбырды біртіндеп кесіп, баланың аяғының айналасындағы кеңістікті ұлғайтқан.
Құтқару жұмыстары бір сағаттан астам уақытқа созылды. Нәтижесінде мамандар баланы металл конструкциядан аман-есен босатты.
Алдын ала мәлімет бойынша, сәбидің денесінде көзге көрінетін жарақат болмаған. Құтқарылған бала әрі қарай тексеру үшін жедел жәрдем бригадасына тапсырылды.





