Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Бір маусымда 200-ден астам адам құтқарылды: Қонаевта үздік құтқарушылар марапатталды

Қонаевтағы жазғы туристік маусым аяқталуға жақын. Жыл сайын мыңдаған тұрғын мен турист демалатын қала жағажайларында жайлы демалыспен қатар, қауіпсіздікті қамтамасыз етуге де ерекше көңіл бөлінеді. Бұл жауапты міндеттің алдыңғы шебінде адам өмірін сақтауды басты парызы санайтын құтқарушылар тұр, деп хабарлайды Alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
21.08.2026
Аймақ, Алматы облысы, Жаңалықтар

Биылғы шомылу маусымында Қонаев қаласының коммуналдық жағажайларында кезекшілік атқарған құтқарушылар 200-ден астам адамды судан аман алып қалды. Әрбір құтқарылған өмір – мамандардың жедел әрекеті мен кәсіби дайындығының нәтижесі.

Судағы төтенше жағдай кейде санаулы секундтың ішінде туындайды. Демалушылардың қауіпсіздік талаптарын елемеуі немесе өз мүмкіндігін дұрыс бағаламауы қайғылы жағдайға әкелуі мүмкін. Бірінің суда аяғы тартылса, енді бірі тереңге кетіп, өздігінен жағаға шыға алмай қалады. Осындай сәттерде құтқарушылар уақыт жоғалтпай көмекке ұмтылып, адам өмірін арашалап қалады.

Шомылу маусымында ерекше көзге түсіп, ең көп адамды құтқарған қызметкерлердің еңбегі елеусіз қалмады. Қонаев қаласы әкімінің орынбасары Марат Тұрсын оларға қала әкімінің Алғыс хаттарын табыстады.

Марапатталғандардың қатарында 12 адамды құтқарған Самғат Сәрсек, 11 адамды құтқарған Саят Нұртай, 10 адамды құтқарған Дәулет Кумархан, сондай-ақ сегіз адамнан құтқарған Дмитрий Зиновьев пен Нұрбол Маратұлы бар.

Марапаттау рәсімінде қала әкімінің орынбасары құтқарушылардың күнделікті еңбегі үлкен жауапкершілік пен батылдықты талап ететінін атап өтті.

«Құтқарушы – қиын сәтте бірінші болып көмекке келетін, өз өміріне қауіп төнсе де, өзгенің өмірін құтқаруды басты міндеті санайтын маман. Бұл – үлкен жүрек пен жоғары кәсібилікті талап ететін жауапты қызмет. Сіздерге адал қызметтеріңіз, батылдықтарыңыз бен жоғары жауапкершіліктеріңіз үшін алғыс айтамын. Әрқайсыңызға мықты денсаулық, отбасыларыңызға амандық, қызметтеріңізге табыс тілеймін», – деді Марат Тұрсын.

Марапатталған құтқарушылардың бірі Самғат Сәрсек үшін осы маусымдағы есте қалған оқиғалардың бірі №5 жағажайда болған. Демалуға келген жастардың бірі суға түскен кезде аяғы тартылып, бата бастаған.

Жағдайды дер кезінде байқаған Самғат бірден суға түсіп, жас жігітке көмекке ұмтылған. Нәтижесінде оны қауіпсіз жерге алып шығып, өмірін сақтап қалды.

«Бәрі бірнеше секундтың ішінде болды. Оның қиналып жатқанын көрген бойда ойланбастан көмекке бардым. Бастысы – адамды аман алып қалу», – дейді Самғат Сәрсек.

Құтқарушылардың айтуынша, жағажайдағы қауіпсіздік тек мамандардың жұмысына ғана байланысты емес. Әр демалушы қарапайым ережелерді сақтап, өз өмірі мен жақындарының қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарауы қажет.

Мамандар тек белгіленген және шомылуға рұқсат етілген жағажайларда суға түсуге, балаларды қараусыз қалдырмауға, жағадан тым алысқа жүзбеуге және өз мүмкіндігін дұрыс бағалауға кеңес береді.

Жазғы маусым аяқталуға жақындағанымен, судағы қауіпсіздік талаптары өзектілігін жоғалтпайды. Өйткені құтқарушылар үшін ең үлкен нәтиже – марапат емес, аман қалған адам өмірі.

Тегтер: Алматы облысыҚонаев

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында параволейболдан Қазақстан чемпионаты басталды

Қорлан Нұрланқызы
21.08.2026

Алматы облысында жеке сот орындаушылары бәс тігуге 180 миллион теңге жұмсаған

Қорлан Нұрланқызы
21.08.2026

Бір маусымда 200-ден астам адам құтқарылды: Қонаевта үздік құтқарушылар марапатталды

Қорлан Нұрланқызы
21.08.2026

Жаңа Қазақстан және жаңарған Конституция

Диана Ахметова
21.08.2026

Заң мен тәртіп: қауіпсіз болашаққа бастар жол

Диана Ахметова
21.08.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz