Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысында «Таза бейсенбі»: 25 мың адам 545 тонна қоқыс жинады

Алматы облысында «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық бағдарламасы аясында дәстүрлі «Таза бейсенбі» акциясы өтті. Бұл жолы тазалық шарасы бос жұмыс орындары жәрмеңкесімен қатар ұйымдастырылды. Нәтижесінде тұрғындар қоршаған ортаны абаттандыруға үлес қосып қана қоймай, жұмысқа орналасу мүмкіндігіне де ие болды, деп хабарлайды Alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
20.08.2026
Аймақ, Алматы облысы, Жаңалықтар

Облыс бойынша акцияға 25 мыңға жуық адам қатысып, 302 гектар аумақты тазартты. Сенбілік барысында 545 тонна қоқыс шығарылды.

Тазалық жұмыстарына әкімдік пен мемлекеттік органдардың қызметкерлері, қоғамдық ұйымдардың өкілдері, жастар, еріктілер және жергілікті тұрғындар қатысты. Олардың қатарында Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев те болды.

Өңір басшысы бос жұмыс орындары жәрмеңкесінің жұмысымен танысып, жастар және еріктілермен әңгімелесті. Сондай-ақ қоғамдық жұмыстарға бірлесе атсалысу мен елді мекендердің тазалығын сақтаудың маңызын атап өтті.

Жәрмеңкеде 10-ға жуық адам жұмыс берушілермен келісімге келді

Қонаев қаласында ұйымдастырылған бос жұмыс орындары жәрмеңкесіне өнеркәсіп, құрылыс, логистика және қызмет көрсету салаларындағы кәсіпорындар қатысты. Сонымен бірге құқық қорғау органдары, төтенше жағдайлар қызметі мен денсаулық сақтау мекемелері де өздеріндегі бос жұмыс орындарын ұсынды.

Жәрмеңкеге әсіресе жастар белсенді қатысты. Жұмыс іздеушілерге ұсынылған қызметтер, еңбек жағдайы, жалақы мөлшері және үміткерлерге қойылатын талаптар туралы ақпарат берілді.

Нәтижесінде 10-ға жуық адам тұрақты жұмысқа орналасу жөнінде келісімге келді. Бірқатар тұрғын қоғамдық жұмыстарға тартылса, кейбір азаматтар әлеуметтік жұмыс орындарына жолданды. Сондай-ақ «Жастар практикасы» бағдарламасына ұсынылғандар да болды.

Алатау қаласында тұрғындар таңғы сағат 7-ден сенбілікке шықты

Алатау қаласының Заречный ықшамауданында өткен тазалық жұмыстарына 170-ке жуық тұрғын қатысты. Олар таңғы сағат 7-ден бастап жол жиектері мен аулаларды қоқыстан тазартып, аумақты көгалдандыруға атсалысты.

Сенбілікке қатысқан тұрғындардың бірі Риза Сауырбаева «Таза бейсенбі» жергілікті тұрғындарды ортақ іске жұмылдыратын дәстүрге айналғанын айтты.

«Әр бейсенбі біз үшін – мереке. Себебі «Таза Қазақстан» бағдарламасын қолдап, ауызбіршілікпен еліміздің көркеюіне атсалысамыз. Мысалы, алдыңғы бейсенбіде бір көшеде тұратын көршілер бірігіп, дәл жанымыздағы тоғайды тазаладық. Бүгін де қалыс қалғанымыз жоқ. Бұл Қазақстанға деген сүйіспеншіліктің жарқын көрінісі деп ойлаймын. Оны тек сөзбен емес, іспен дәлелдеу керек. Еліміздің таза болуы өзіміздің қолымызда! «Таза Қазақстан» әрі қарай жалғаса берсін», – деді ол.

Жыл басынан бері 14 мың тоннадан астам қоқыс шығарылды

Алматы облысында «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясындағы экологиялық шаралар жыл басынан бері тұрақты өткізіліп келеді. Осы уақыт ішінде өңірде 27 сенбілік ұйымдастырылып, оған 614 мыңнан астам адам қатысқан.

Атқарылған жұмыстар нәтижесінде 14 172 тонна қоқыс шығарылып, 8 287 гектар аумақ тазартылды. Сонымен қатар облыс аумағында 103 881 ағаш отырғызылып, тазалық және абаттандыру жұмыстарына 3 757 арнайы техника жұмылдырылды.

Тегтер: Алматы облысыБасты жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында 185 мыңнан астам оқушы тегін ыстық тамақпен қамтылады

Қорлан Нұрланқызы
20.08.2026

Screenshot

Алматы облысында елді мекендерді дамытуға арналған жобалар талқыланды

Қорлан Нұрланқызы
20.08.2026

Алматы облысында «Таза бейсенбі»: 25 мың адам 545 тонна қоқыс жинады

Қорлан Нұрланқызы
20.08.2026

Балқаш маңында қабан жолбарысқа ұқсас жыртқышпен арпалысқан

Қорлан Нұрланқызы
20.08.2026

Алматы облысында екі баланың анасы көз жұмды: полиция қылмыстық іс қозғады

Қорлан Нұрланқызы
20.08.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz