Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысында 66 шақырым көшеге алғаш рет жол төселді

Алматы облысында соңғы үш жылда 50-ге жуық ауылдың көшелеріне алғаш рет асфальт төселді. Кейбір елді мекен тұрғындары жаңа жолды 30 жылдан астам уақыт күткен. Жаңарған көшелердің жалпы ұзындығы 66,5 шақырым, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
19.08.2026
Аймақ, Алматы облысы, Жаңалықтар

Жол құрылысына жергілікті бюджеттен шамамен 1,64 миллиард теңге бөлінген. Нәтижесінде 50 мыңнан астам ауыл тұрғынының күнделікті қатынасы жақсарды. Жаңа асфальт Еңбекшіқазақ ауданындағы Саймасай, Ақтоған, Амангелді, Алмалы, Қорам және Сатай ауылдарында, Ұйғыр ауданындағы Шонжы, Рахат, Ақтам елді мекендерінде төселді.

Сонымен қатар Талғар ауданындағы Береке, Тұздыбастау, Төңкеріс, Қызылту, Жаңалық және Түзусай, Жамбыл ауданындағы Қарғалы, Үлкен, Шиен, Беріктас, Шолаққарғалы, Үңгіртас және Ынтымақ ауылдарының бірқатар көшесі жаңарды.

Жол жұмыстары Іле ауданындағы Байкент, Жәпек батыр, Казцик, Ақсай, Әли ауылдарында, сондай-ақ Балқаш, Кеген, Райымбек және Қарасай аудандарындағы бірқатар елді мекенде жүргізілді.

Ауыл тұрғындары үшін асфальттың болмауы әсіресе жауын-шашынды күндері қиындық туғызған. Жамбыл ауданы Үңгіртас ауылының тұрғыны Бейбіт Есімбеков биыл елді мекендегі көптен бері шешілмей келген мәселенің бірі реттелгенін айтты.

«Биыл ауылымызға алғаш рет асфальт төселіп, көптен күткен мәселеміз шешілді. Жаңбыр жауса, жолдың жағдайы қиындап, көлікпен жүру де, жаяу жүріп-тұру да оңай болмайтын. Енді міне, көптен күткен жолымызға асфальт төселді. Бұл — ауыл тұрғындары үшін үлкен қуаныш», – деді ол.

Әкімдік мәліметінше, жаңа жолдар ауыл тұрғындарының мектептерге, медициналық мекемелерге және аудан орталықтарына жетуін де жеңілдеткен. Бұрын көлік қатынасы қиын болған елді мекендерде жолға кететін уақыт орта есеппен 10-20 минутқа қысқарған.

Жол мәселесі халық саны көп ауылдар үшін ерекше өзекті. Мәселен, Ұйғыр ауданындағы Шонжы ауылында 20 мыңнан астам адам тұрады. Биыл мұнда бұрын асфальт болмаған тағы алты көшеге жол төсеу жоспарланған. Қазір облыстағы елді мекендер көшелерінің басым бөлігі асфальтталған. Дегенмен кейбір ауылдарда әлі де қиыршық тас пен шағал төселген жолдар бар. Жергілікті билік оларды кезең-кезеңімен асфальттауды жоспарлап отыр.

Жұмыс алдағы екі жылда да жалғасады. 2026-2027 жылдары облыс ауылдарында бұрын асфальт болмаған тағы 100 шақырымнан астам көшеге жол төсеу көзделген. Оған шамамен 4,67 миллиард теңге қарастырылған.

«Жоспарға Еңбекшіқазақ, Ұйғыр, Іле, Жамбыл, Қарасай, Кеген, Райымбек, Балқаш және басқа да аудандардағы елді мекендердің көшелері енгізілген. Яғни алдағы кезеңде де бұған дейін асфальт төселмеген көшелерге жол салу жалғасын табады», — деді Алматы облысының Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Ермек Баймұхамбетов.

Осылайша, соңғы үш жылда алғаш рет асфальт көрген ауыл көшелерінің ұзындығы 66,5 шақырымға жетсе, алдағы кезеңде бұл көрсеткіш тағы 100 шақырымнан астам жолмен толықпақ.

Тегтер: Алматы облысыҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

70 жаңа көлік, 147 бригада: Алматы облысында жедел жәрдем қызметі күшейтілді

Қорлан Нұрланқызы
19.08.2026

Алматы облысында 66 шақырым көшеге алғаш рет жол төселді

Қорлан Нұрланқызы
19.08.2026

Құрылтай сайлауы күні полиция күшейтілген режимге көшеді

Қорлан Нұрланқызы
19.08.2026

Алматы облысының мұздығынан адам сүйегіне ұқсас қалдықтар табылды

Қорлан Нұрланқызы
19.08.2026

Интернет алаяқтық – цифрлық дәуірдің қауіпті қылмысы

Диана Ахметова
19.08.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz