«ҚазАвтоЖол» мәліметінше, аталған жолда Алматы облысында жөндеу-құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатыр. Шектеу 2026 жылғы 17-20 тамыз аралығында күн сайын сағат 06:00-ден 20:00-ге дейін 1177-шақырымнан (Ақсай ауылы) 1186-шақырымға (Жібек Жолы ауылы) дейінгі аралықта қолданылады.
Көрсетілген уақытта аталған учаскеде барлық автокөлік түрінің қозғалысы шектеледі. Жабық учаскені айналып өту бағыты қарастырылған. Атап айтқанда, «Ақсай – Байкент» – «Байкент – Боралдай» – «Боралдай – Жібек Жолы».
«Жүргізушілерден сапар бағытын алдын ала жоспарлап, уақытша шектеулерді ескеруді және жол белгілерінің талаптарын сақтауды сұраймыз. Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз. Қозғалысқа енгізілген шектеу жөндеу-құрылыс жұмыстарын қауіпсіз әрі сапалы жүргізу үшін қажет», – делінген хабарламада.





