Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысының өнімдері Алматыда 20–30% төмен бағамен сатылып жатыр

Алматы қаласында Райымбек ауданының ауыл шаруашылығы өнімдерін тікелей сатуға арналған жаңа сауда орны ашылды. Мұнда ет, сүт өнімдері, бал, балық, жұмыртқа, көкөніс және басқа да табиғи өнімдер делдалсыз ұсынылады. Соның нәтижесінде тауар бағасы нарықтағы орташа көрсеткіштен 20–30 пайызға төмен, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
15.08.2026
Аймақ, Алматы облысы, Жаңалықтар

Жаңа сауда орны Рысқұлов пен Шемякин көшелерінің қиылысында орналасқан. Жобаның негізгі мақсаты – ауыл шаруаларына өз өнімдерін тікелей тұтынушыға өткізуге мүмкіндік беру және Алматы тұрғындарын сапалы, табиғи азық-түлікпен қолжетімді бағамен қамтамасыз ету.

Сауда алаңы Алматы облысы әкімдігінің қолдауымен, Райымбек ауданы мен Алматы қаласы әкімдіктері арасындағы келіссөздер нәтижесінде іске қосылған.

Алғашқы күні 3,5 тонна ет әкелінді

Жәрмеңкенің алғашқы күнінде-ақ Райымбек ауданының шаруалары 3,5 тонна ет пен бір тоннадан астам сүт өнімдерін саудаға шығарды. Бұдан бөлек, табиғи бал, ысталған балық, жұмыртқа, көкөніс және басқа да ауыл шаруашылығы өнімдері ұсынылды.

Сауда орнының ашылуына Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев қатысып, шаруалардың өнімдерімен танысты.

«Ауыл шаруашылығы өнімін өндіру, сақтау мен сату оңай жұмыс емес. Оған қажырлы еңбек пен төзімділік қажет. Көп жағдайда бұл саламен айналысатын азаматтардың базарға шығып, тауарын ұсынуға мүмкіндігі бола бермейді. Соның кесірінен кейде делдалдарға жем болып жатады. Бұл сауда орны оларға үлкен қолдау болғалы тұр. Ең бастысы, өнім сапасына ерекше көңіл бөлу керек», – деді Марат Сұлтанғазиев.

Жәрмеңкеге өз өнімін әкелгендердің бірі – Қақпақ ауылының тұрғыны Ұлжан Ауғанбайқызы. Ол сауда орнына сүттен дайындалған жеті түрлі өнімін ұсынған.

«Бұған дейін өзіміз дайындаған құрт-май, айран-қымызымыз бен ірімшігімізді ауылға келген қонақтарға ғана сата алатынбыз. Енді өнімдеріміздің барлығын арнайы базарға әкеліп, өткізуге мүмкіндік туды. Бұл өте құптарлық іс әрі біздің жұмысымызды одан әрі дамытуға септігін тигізеді», – дейді кәсіпкер.

Қазір жәрмеңке арнайы шатырларда жұмыс істеп тұр. Алдағы уақытта мұнда жабық сауда павильонын салу жоспарланған. Бұл сауда орнын жыл бойы, соның ішінде қыс мезгілінде де тұрақты жұмыс істетуге мүмкіндік береді.

Өнімдердің сапасы мен бағасын арнайы мамандар қадағалайды. Сауда орнындағы азық-түлік бағасы орташа нарықтық көрсеткіштен 20–30 пайызға төмен.

Райымбек ауданында ауыл шаруашылығы саласында 3400 кәсіпкер тіркелген. Оның 1200-і өсімдік шаруашылығымен, 1100-ге жуығы ет өндірумен айналысады. Қалған кәсіпкерлер аграрлық саланың өзге бағыттарында жұмыс істейді.

Ауданда жыл сайын 16 мың тонна ет, 18 мың тонна сүт, 500 мың данаға жуық жұмыртқа және 55 мың тонна картоп өндіріледі.

Жаңа сауда алаңының ашылуы шаруалардың өнімдерін өткізетін тұрақты нарық қалыптастыруға, ауылдағы кәсіпкерлікті қолдауға және Алматы тұрғындарының табиғи азық-түлікті делдалсыз тиімді бағамен сатып алуына мүмкіндік бермек.

Тегтер: Алматы облысыҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысының өнімдері Алматыда 20–30% төмен бағамен сатылып жатыр

Қорлан Нұрланқызы
15.08.2026

Алматы облысында Спорт күні аталып өтіп, үздік спортшылар марапатталды

Қорлан Нұрланқызы
15.08.2026

Алматы облысында жаңа мәдениет үйі ашылды

Қорлан Нұрланқызы
15.08.2026

Тамыз кеңесі: Алматы облысындағы 5 мектеп еліміздің ең үздік 100 білім ошағының қатарына кірді

Қорлан Нұрланқызы
15.08.2026

Алматы облысында жаңа оқу жылына бес мектеп ашылып, 10 білім ошағы жаңартылады

Қорлан Нұрланқызы
14.08.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz