Оқиға орнына Төтенше жағдайлар министрлігінің күштері мен құралдары жедел жеткен. Өрт сөндірушілер жалын шарпыған аумақтан екі газ баллонын сыртқа алып шықты.
Құтқарушылардың жедел әрекетінің нәтижесінде өрт алдымен оқшауланып, кейін толықтай сөндірілді.
Оқиғадан зардап шеккендер туралы ақпарат берілген жоқ. Қазіргі уақытта өрттің шығу себебі анықталып жатыр.
ТЖМ тұрғындарға жеке үйлер мен шаруашылық құрылыстарында өрт қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтауды ескертеді. Төтенше жағдай туындаған жағдайда 112 нөміріне дереу хабарласу қажет.





