Алдын ала мәлімет бойынша, су жол үстімен шамамен 15–20 минут бойы аққан. Соның салдарынан ұзындығы 40–50 метр болатын учаскеде жол жиегінің бір бөлігі шайылған.
Қазіргі уақытта жол үстімен су ағу тоқтаған. Жиналған су кювет арқылы ағызылып жатыр.
Мамандардың мәліметінше, аталған учаскедегі су өткізу құбырлары мен көпір құрылыстары қалыпты режимде жұмыс істеп тұр.
Қазір оқиға орнында шайылған жол жиегін қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.





