Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Марат Сұлтанғазиев ауыл әкімдеріне маңызды міндеттер жүктеді

Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев Талғар және Еңбекшіқазақ аудандарының бірінші жартыжылдықтағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы және Құрылтай депутаттарын сайлауға дайындық барысы жөнінде жиын өткізді. Онда ауылдық округ әкімдері атқарылған жұмыстар жайлы есеп берді. Аймақ басшысы бірқатар салалардағы кемшіліктерге ескерту жасап, нақты тапсырмалар берді, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
14.08.2026
Аймақ, Алматы облысы, Жаңалықтар

Жиында инвестиция тарту, кәсіпкерлікті дамыту, ауыл шаруашылығының әлеуетін арттыру, жерді тиімді пайдалану, су үнемдеу технологияларын енгізу және әлеуметтік инфрақұрылымды жетілдіру мәселелеріне басымдық берілді. Кейбір елдімекендерде шешімін таппаған мәселелер бар.

Мәселен, Талғар ауданындағы Бесқайнар ауылдық округінің туристік әлеуеті жоғары болғанына қарамастан, инвестициялық жобалар саны аз. Мұндай жағдай Еңбекшіқазақ ауданында да байқалып отыр. Мәселен, Есік қаласында жыл басынан бері 4 млрд 355 млн теңге инвестиция тартылған, дегенмен іске асырылып жатқан жобалар саны көңілге қонымсыз.

Бұл бағыттағы жұмыстарды жандандырып отырған елдімекендер де бар. Мысалы, Тескенсу ауылдық округінің инвестиция көлемі 11,2 млрд теңгеге жетті. Олардың қатарында жеміс-жидек пен көкөніс өңдеу зауыты, балық өсіру және әмбебап базар құрылысы жобалары бар.

Рахат ауылдық округінде 2 млрд теңгеге нан өнімдерін шығаратын зауыт салынып, 300-ге жуық жұмыс орны құрылды. Азат ауылында жалпы құны 1,7 млрд теңге болатын чипсы өндіретін цех іске қосылып, 150 адам жұмыспен қамтылды. Сонымен қатар мұнда көкөніс сақтайтын қойма, картоп өндіретін зауыт пен маринадталған қияр дайындайтын кәсіпорын салу көзделген.

Бәйдібек би ауылдық округінде кірпіш өндіретін зауыт ашылған. Инвестиция көлемі – шамамен 300-350 млн теңге. Алдағы уақытта құны 147 млн теңге болатын балық шаруашылығын іске қосу жоспарлануда.

Ауыл шаруашылығы саласында да оң көрсеткіштер бар. Мәселен, Бәйтерек ауылдық округінде былтырғы жылмен салыстырғанда ірі қара мал саны 160%-ға, ұсақ мал 196%-ға, ал жылқы саны 143%-ға артты.

Бірқатар елдімекендерде су үнемдеу технологиясы орнатылып, ауыл шаруашылығын дамытуға оң ықпал етіп отыр. Мәселен, Қырбалтабай ауылдық округінде аталған технология 1200 гектар жерге енгізілген. Түрген елдімекендерінде 1210 гектар бақ пен жеміс-жидек алқабының 751 гектарында тамшылатып суару жүйесі қолданылады.

Аталған шараларға қарамастан, су үнемдеу жүйелерін орнату бағытындағы көрсеткіштер төмен. Себебі кейбір ауылдарда бұл бағыттағы жұмыстар мүлде атқарылмаған немесе нәтижесі нашар. Олардың қатарында Сөгеті, Бәйдібек би, Рахат және өзге де ауылдық округтер бар. Аймақ басшысы мемлекеттен бөлінетін 80 пайыз субсидияны тиімді пайдаланып, түсіндіру жұмысын күшейтуді тапсырды.

Пайдаланылмай жатқан жерді мемлекет меншігіне қайтару бойынша Сөгеті ауылдық округі көш бастап тұр. Мұнда 2700 гектарға жуық жер кері қайтарылған. Ал өзге елдімекендердің жұмысына қарқын қажет.

Әлеуметтік инфрақұрылым бағытында да маңызды жобалар жүзеге асырылуда. Тескенсу ауылында 125 орынды «Көркем – 2022» балабақшасының және 50 орынды дәрігерлік амбулаторияның құрылысы аяқталған. Одан бөлек мұнда 50 орынды спорт кешенінің құрылысы басталды.

Ащысай және Сатай ауылдарында «Келешек мектептері» бағдарламасы аясындағы мектептердің құрылысы аяқталған.

Бәйдібек би ауылдық округінде 50 шақырым су жүйесі жаңартылып, елдімекендер 100 пайыз ауызсумен қамтылды. Балтабайдағы Ақбастау ауылында электр желілері мен бағандар толық жаңартылған. Округтегі 55 көшенің 90 пайызына асфальт төселіп, қалған 10 пайызына тапсырыс берілген.

Облыс әкімі «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясындағы жұмыстарға ерекше назар аударды.

«Елді мекендерді таза ұстау тек сенбілік өткізумен шектелмейді. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, тұрғындар өз үйінің іргелес 5 метр аумағын күтіп ұстауға міндетті. Талаптарды бұзғандар тиісті жауапкершілікке тартылуы қажет. Жерді мемлекет меншігіне қайтару және «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясындағы жұмыстарды прокуратурамен бірлесіп жүргізу керек», – деді Марат Елеусізұлы.

Жиында Құрылтай депутаттарын сайлауға дайындық барысы кеңінен талқыланды. Қазіргі таңда ауылдық округтерде сайлау учаскелері заң талаптарына сәйкес дайындалып, ақпараттық-түсіндіру шаралары атқарылуда. Аймақ басшысы бұл жұмысты бәсеңдетпей, тұрғындардың сайлауға белсенді қатысуын қамтамасыз етуді тапсырды.

Тегтер: Алматы облысыБасты жаңалықтарҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында өртенген үйден құтқарушылар газ баллонын алып шығып, жарылыстың алдын алды

Қорлан Нұрланқызы
14.08.2026

Алматыда мас күйінде рөлге отырған әйел бес жылға сотталуы мүмкін

Қорлан Нұрланқызы
14.08.2026

«Көкпек – Кеген» автожолының бір бөлігін сел суы шайып кетті

Қорлан Нұрланқызы
14.08.2026

Марат Сұлтанғазиев ауыл әкімдеріне маңызды міндеттер жүктеді

Қорлан Нұрланқызы
14.08.2026

Халықаралық жастар күні: жастар – ел болашағының берік негізі

Қорлан Нұрланқызы
13.08.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz