Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысы мен Үндістан арасындағы тауар айналымы 24%-ға артты

Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев Үндістан Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Сайлас Тангалмен кездесті. Тараптар сауда-экономикалық, инвестициялық, туристік және гуманитарлық байланыстарды одан әрі дамыту мәселелерін талқылады, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
12.08.2026
Аймақ, Алматы облысы, Жаңалықтар

Биыл Қазақстан мен Үндістан арасында дипломатиялық қатынастардың орнағанына 34 жыл толды. Осы уақыт ішінде екі ел арасындағы байланыс түрлі бағытта дамып, өңірлік ынтымақтастық та жаңа деңгейге көтерілді. Былтыр екіжақты тауар айналымы 30,7 млн АҚШ долларына жетіп, 24%-ға өсті. Қазіргі таңда облыста Үндістан капиталының қатысуымен 5 кәсіпорын және екі тарап бірлесіп құрған 4 кәсіпорын жұмыс істейді.

Сонымен қатар өңірде үндістандық инвесторлардың қатысуымен жалпы құны 278 млрд теңге болатын екі инвестициялық жоба жүзеге асырылып жатыр. Жобалар толық іске қосылғанда 4 225 тұрақты жұмыс орнын ашу жоспарланып отыр. Екі жоба да Қонаев қаласында туризм және білім беру салаларын дамытуға бағытталған.

Облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев Үндістанның технологиялық және индустриялық кластерлерді дамытудағы тәжірибесіне ерекше тоқталды.

«Үндістан заманауи технологиялық және индустриялық кластерлерді дамытуда айтарлықтай тәжірибеге ие. Бангалор, Хайдарабад және Ченнай сияқты орталықтар – соның айқын дәлелі. Алатау қаласында ірі жобаларды іске асыру және Қонаев қаласын дамыту барысында Үндістанның озық тәжірибесін зерделеп, инжиниринг, цифрлық технологиялар, инфрақұрылым салаларында үндістандық компаниялармен ынтымақтастықты арттыра аламыз деп сенеміз. Біз өз тарапымыздан инвесторларға жан-жақты қолдау көрсетуге дайынбыз», – деді Марат Сұлтанғазиев.

Өз кезегінде Сайлас Тангал Қазақстан мен Үндістан арасында достыққа негізделген берік қарым-қатынас қалыптасқанын атап өтті. Оның айтуынша, Үндістан тарапы Қазақстанмен сауда-экономикалық және инвестициялық байланыстарды одан әрі жандандыруға мүдделі.

Осы мақсатта биыл наурыз айынан бері Қазақстанға бірнеше ірі үндістандық іскерлік делегация келген. Олардың қатарында фармацевтика, зергерлік бұйымдар өндірісі және өнеркәсіп салаларының өкілдері бар.

Алдағы уақытта Қазақстанға тағы бір ірі бизнес-делегацияның сапары жоспарланып отыр. Сапар қазан айында өтуі мүмкін. Оның аясында үндістандық компаниялар өңірдегі инвестициялық жобалармен танысып, бірқатар іскерлік кездесулер өткізеді деп күтілуде.

Кездесу қорытындысында тараптар өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға дайын екендерін білдіріп, ал

Тегтер: Алматы облысыБасты жаңалықтарҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында тозығы жеткен 22 үй сүріледі: тұрғындар қайда көшіріледі?

Қорлан Нұрланқызы
01.10.2026

Қонаевта «Қазақстан – Дания» бизнес-форумы өтті

Қорлан Нұрланқызы
01.10.2026

Алматы облысында 344 млн долларға салынған ірі сусын өндіретін зауыт ашылды

Қорлан Нұрланқызы
01.10.2026

Қонаевта жасанды интеллектіні меңгерген үздік педагогтер марапатталды

Қорлан Нұрланқызы
01.10.2026

Құқықтық тәртіп және қоғамдық тұрақтылық

Акжаркын
01.10.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz