Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысында тауда жарақат алған турист әйел эвакуацияланды

Алматы облысының Қарасай ауданында құтқарушылар таудан түсу кезінде жарақат алған турист әйелге көмек көрсетті, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
11.08.2026
Аймақ, Алматы облысы, Жаңалықтар

Оқиға шамамен 2650 метр биіктіктегі Терра алаңы маңында болған. Бір топ турист қыз таудан түсіп келе жатқанда олардың бірі аяғын қайырып алып, өздігінен қозғала алмай қалған. Осыдан кейін туристер құтқарушылардың көмегіне жүгінген.

Құтқару операциясына ҚР ТЖМ «Барыс» республикалық құтқару қызметінің және Алматы қаласы әкімдігінің Мониторинг және жедел әрекет ету орталығының құтқарушылары жұмылдырылды.

Мамандар зардап шеккен туристке жаяу жетіп, оқиға орнында алғашқы медициналық көмек көрсетті. Кейін оны таулы аймақтан төменге қауіпсіз тасымалдады.

Алдын ала диагноз бойынша туристің аяғы сынған және кеуде қуысы соғылған. Зардап шеккен әйел таудан аман-есен эвакуацияланып, әрі қарай тексеру және қажетті медициналық көмек көрсету үшін Апаттар медицинасы орталығының қызметкерлеріне тапсырылды.

Тегтер: Алматы облысыҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында тозығы жеткен 22 үй сүріледі: тұрғындар қайда көшіріледі?

Қорлан Нұрланқызы
01.10.2026

Қонаевта «Қазақстан – Дания» бизнес-форумы өтті

Қорлан Нұрланқызы
01.10.2026

Алматы облысында 344 млн долларға салынған ірі сусын өндіретін зауыт ашылды

Қорлан Нұрланқызы
01.10.2026

Қонаевта жасанды интеллектіні меңгерген үздік педагогтер марапатталды

Қорлан Нұрланқызы
01.10.2026

Құқықтық тәртіп және қоғамдық тұрақтылық

Акжаркын
01.10.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz