61 келі салмақ дәрежесінде сынға түскен Ксения жасөспірімдер арасында Азия чемпионы атанды. Қазақстандық спортшы жұлқа көтеруде 94 келіні бағындырып, алтын медаль иеленді. Серпе көтеруде 110 келі нәтижемен күміс жүлдеге қол жеткізді.
Қоссайыс қорытындысында Ксения Прозорова 204 келі нәтиже көрсетіп, қарсыластарынан басым түсіп, Азия чемпионатының алтын медалін жеңіп алды.
Спортшының бұл жарыстағы тағы бір маңызды жетістігі – рекордтық көрсеткіш. Ксения жұлқа көтеруде 94 келіні бағындырып, жасөспірімдер арасындағы Азия және әлем рекордтарын жаңартты.
Бұл жетістік спортшының ұзақ уақыт бойы жүргізген тынымсыз дайындығы мен жаттықтырушылар еңбегінің нәтижесі.
Ксения Прозорованы және оның жаттықтырушылары Азамат Нуруллаев пен Эмир Абатовты Азия чемпионатындағы жарқын жеңісімен құттықтаймыз!





