Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысында биыл 100 мың тонна алма жиналады

Алматы облысында биыл 100 мың тоннаға жуық алма жинау жоспарланып отыр. Өнімнің 80 пайызы ішкі нарыққа жөнелтілсе, 20 пайызы экспортқа шығарылады. Бұл туралы Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
10.08.2026
Аймақ, Алматы облысы, Жаңалықтар

Алма негізінен Тәжікстан, Қырғызстан, Ресей және Беларусь елдеріне экспортталады. Сонымен қатар жиналған өнімнің шамамен 10 пайызы шырын, пюре, тосап және басқа да қайта өңделген өнімдер шығаруға бағытталады.

Қазіргі таңда облыстағы алма бақтарының жалпы аумағы 9,9 мың гектарды құрайды. Оның 2,2 мың гектары – интенсивті бақтар.

Жеміс көлемі бойынша Еңбекшіқазақ ауданы көш бастап тұр. Мұнда жыл сайын 34,1 мың тоннаға жуық өнім жиналады. Одан кейін Ұйғыр, Талғар, Қарасай және Жамбыл аудандары орналасқан.

Өңірде алма ағашының 21 сорты өсіріледі. Олардың қатарында Алматы апорты, фуджи, гала, голден делишес, синап, кандиль, айдаред және басқа да сұрыптар бар. Мамандардың айтуынша, әсіресе гала сортына халықаралық нарықта сұраныс жоғары.

Алматы облысы Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Димаш Сыдықовтың сөзінше, соңғы үш жарым жылда өңірде 282 мың тоннадан астам алма жиналған. Соның 1,5 мың тоннасы шетелге экспортталып, шамамен 1 млн 549 мың АҚШ доллары көлемінде табыс түскен.

Қазір Еуропа, Қытай, Орталық Азия және Таяу Шығыс елдеріне экспортты ұлғайту бойынша жұмыстар жүргізілуде. Сонымен бірге жаңа піскен алмамен қатар шырын, кептірілген алма және пастила сияқты қайта өңделген өнімдерді сыртқы нарыққа шығару көзделіп отыр.

Өнімділікті арттыру үшін жоғары өнімді көшеттер отырғызылып, тамшылатып суару жүйелері енгізілуде. Сондай-ақ цифрлық технологиялар қолданылып, интенсивті бақтардың аумағы ұлғайтылып жатыр.

Облыста Алматы апортын халықаралық деңгейдегі бренд ретінде дамытуға да басымдық берілген. Қазіргі таңда апорт бақтарының жалпы аумағы шамамен 2,3 мың гектарды құрайды. Бұл бақтардан жыл сайын 6,6 мың тоннаға жуық апорт алмасы жиналады.

Сонымен бірге жеміс-жидекті сақтау және қайта өңдеу инфрақұрылымы да дамытылып жатыр. Соның бірі – жылына 80 мың тонна жеміс-көкөніс өңдеуге қауқарлы «QAZAQ Global Food JV» зауыты. Жоба іске қосылғаннан кейін өнімді ұзақ сақтауға және маусымнан тыс кезеңде де нарыққа шығаруға мүмкіндік артады.

Облыста шағын шаруашылықтар да алма өндірісіне үлес қосып отыр. Еңбекшіқазақ ауданы Әймен ауылындағы «Хишманов» бағының жалпы аумағы 14 гектарды құрайды. Оның 4 гектарында көшет өсіріледі. Шаруашылықта тұрақты түрде 15 адам еңбек етеді, ал өнім жинау мен көшет отырғызу кезеңінде жұмысшылар саны 30-45 адамға дейін көбейеді.

Былтыр шаруашылық 12 тонна өнім жинаса, биыл бұл көрсеткішті 24-28 тоннаға дейін жеткізуді жоспарлап отыр.

Шаруашылық басшысы Руслан Хишмановтың айтуынша, олар қазақстандық селекцияға жататын Анель, Айнұр, Дамира, Восход, Раши секілді сирек кездесетін сорттарды көбейтуге де мән беріп отыр.

Қазір өңір бағбандары алғашқы жиын-терін жұмыстарын бастап кетті. Алматы облысында алма өндірісін ұлғайту, отандық сорттарды сақтау, интенсивті бақтарды көбейту және өнімнің экспорттық әлеуетін арттыру бағытындағы жұмыстар жалғасуда.

Тегтер: Алматы облысыҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында биыл 100 мың тонна алма жиналады

Қорлан Нұрланқызы
10.08.2026

Алкогольге тәуелділік: себептері мен салдары

Диана Ахметова
10.08.2026

Жаңа Конституция – әділетті Қазақстанның берік негізі

Диана Ахметова
10.08.2026

Заң мен тәртіп – тұрақты қоғамның негізі

Диана Ахметова
10.08.2026

Тазалық – ортақ міндет

Диана Ахметова
10.08.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz