Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Әлем

Қазақстан азаматтығын алғысы келетіндер үшін өтініш қабылдау басталды

Қазақстан азаматтығын алуға ниетті үміткерлерден тестілеуге қатысу үшін өтініш қабылдау басталды. Өтініштер 2026 жылғы 10-20 тамыз аралығында қабылданады, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
10.08.2026
Әлем, Жаңалықтар

Ұлттық тестілеу орталығының мәліметінше, азаматтық алуға үміткерлерге арналған тестілеу 22 тамызда өтеді.

Емтихан үш бөлімнен тұрады. Қазақ тілінен 30 тапсырма ұсынылып, шекті балл 15 балды құрайды. Қазақстан Республикасы Конституциясының негіздері бойынша қазақ немесе орыс тілінде 40 тапсырма беріледі. Бұл бөлімнен кемінде 20 балл жинау қажет. Қазақстан тарихы бойынша 30 тапсырма ұсынылады, шекті көрсеткіш – 15 балл.

Тестілеу бойынша ең жоғары нәтиже – 100 балл. Емтиханнан сәтті өту үшін үміткер кемінде 50 балл жинауы тиіс.

Тапсырмаларды орындауға 130 минут беріледі. Ал мүгедектігі бар азаматтарға қосымша 30 минут қарастырылған.

Тестілеуге қатысу құны – 14 693 теңге. Сондай-ақ негізгі емтиханға дайындалғысы келетін үміткерлер байқау тестілеуінен өте алады. Оның құны 3 355 теңгені құрайды.

Өтініш қабылдау 20 тамызға дейін жалғасады.

Тегтер: азаматтықҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында тозығы жеткен 22 үй сүріледі: тұрғындар қайда көшіріледі?

Қорлан Нұрланқызы
01.10.2026

Қонаевта «Қазақстан – Дания» бизнес-форумы өтті

Қорлан Нұрланқызы
01.10.2026

Алматы облысында 344 млн долларға салынған ірі сусын өндіретін зауыт ашылды

Қорлан Нұрланқызы
01.10.2026

Қонаевта жасанды интеллектіні меңгерген үздік педагогтер марапатталды

Қорлан Нұрланқызы
01.10.2026

Құқықтық тәртіп және қоғамдық тұрақтылық

Акжаркын
01.10.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz