Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Іле ауданында егін жинау науқаны қарқын алды: алғашқы өнім жиналып жатыр

Алматы облысының Іле ауданында 2026 жылғы егін жинау науқаны жоспарға сәйкес қарқынды жүргізіліп жатыр. Биыл ауданда ауыл шаруашылығы дақылдары 53 мың гектардан астам алқапқа орналастырылып, диқандар алғашқы өнімді жинауға кірісті, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
31.07.2026
Аймақ, Алматы облысы, Жаңалықтар

Аудан әкімдігінің мәліметінше, биыл 14,6 мың гектардан астам жерге дәнді дақылдар, 7,3 мың гектарға майлы дақылдар, 745 гектарға картоп, 1 623 гектарға көкөніс, 542 гектарға бақша өнімдері және 28 мың гектардан астам аумаққа мал азықтық дақылдар егілген.

Қазіргі уақытта масақты дәнді дақылдарды жинау жұмыстары қарқынды жалғасуда. Осы күнге дейін 10 139 гектар алқап орылып, оның ішінде 4 150 гектар күздік бидай және 5 989 гектар күздік әрі жаздық арпа жиналды. Жалпы астық түсімі 18,4 мың тоннаны құрады.

Сонымен қатар көкөніс пен бақша өнімдерін жинау да жалғасып жатыр. Бүгінге дейін 421 гектар алқаптан 13,1 мың тонна өнім жиналды.

Аудандағы ірі шаруашылықтардың бірі – «ЖЕР-КАНАТЫ» ЖШС. 2003 жылы құрылған кәсіпорын бүгінде аралас ауыл шаруашылығымен, оның ішінде егін шаруашылығымен айналысады.

Шаруашылықтың жалпы жер көлемі 1 600 гектарды құрайды. Биыл мұнда 200 гектар күздік бидай, 60 гектар күздік арпа және 400 гектар мақсары егілді. Жалпы егіс алқабы – 660 гектар. Кәсіпорында бес адам тұрақты жұмыспен қамтылған.

Тегтер: Алматы облысыҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

Қонаевта дәрігерлер асқазан қатерлі ісігінің асқынған түріне күрделі ота жасады

Қорлан Нұрланқызы
31.07.2026

Қазақстандық оқушылардың 2026–2027 оқу жылындағы каникул кестесі бекітілді

Қорлан Нұрланқызы
31.07.2026

Іле ауданында егін жинау науқаны қарқын алды: алғашқы өнім жиналып жатыр

Қорлан Нұрланқызы
31.07.2026

Табиғатқа жанашырлық – ұрпаққа аманат

Диана Ахметова
31.07.2026

Заңға құрмет – елге құрмет

Диана Ахметова
31.07.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz