Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Президент Іс басқармасының дәрігерлері Алматы облысында тегін қабылдау өткізеді

30–31 шілде күндері Алматы облысының тұрғындары Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы Медициналық орталығының жетекші дәрігерлерінен тегін консультация ала алады. Қабылдау Алматы көпсалалы клиникалық ауруханасы мен Еңбекшіқазақ аудандық көпсалалы орталық ауруханасында өтеді, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
30.07.2026
Аймақ, Алматы облысы, Жаңалықтар

Өңірге Президент Іс басқармасы Медициналық орталығының Ұлттық госпиталі мен ауруханасының білікті мамандары келеді. Екі күн бойы тұрғындар сұранысқа ие медициналық бағыттар бойынша кеңес ала алады.

Атап айтқанда, уролог, гинеколог, нейрохирург, травматолог, хирург, онколог, эндокринолог, пульмонолог, невропатолог және ревматолог дәрігерлердің қабылдауына жазылуға мүмкіндік бар.

Консультациялық қабылдаумен қатар, елордалық мамандар өңір дәрігерлерімен бірлесіп күрделі хирургиялық оталар жасап, заманауи диагностика мен емдеу тәсілдерін енгізуге бағытталған шеберлік сабақтарын өткізеді.

Бағдарлама аясында медицина қызметкерлерінің біліктілігін арттыруға да ерекше назар аударылады. Ғылыми-практикалық конференциялар мен білім беру сессияларында сепсисті емдеудің заманауи әдістері, антибиотиктерді тиімді қолдану, ядролық медицинаның мүмкіндіктері, ісіктердің молекулалық диагностикасы, кардиологиядағы жаңа тәсілдер және денсаулық сақтау саласындағы цифрлық технологияларды енгізу мәселелері талқыланады.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай іс-шаралар өңір тұрғындарына жоғары білікті мамандардың көмегін қолжетімді етіп қана қоймай, жергілікті дәрігерлердің тәжірибе алмасуына және медициналық көмектің сапасын арттыруға мүмкіндік береді.

Тегтер: Алматы облысыБасты жаңалықтарҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

Президент Рыбакинаны тарихи жеңісімен құттықтады

Қорлан Нұрланқызы
13.09.2026

Алматы облысында жоғалып кеткен оқушылар мен мұғалімдер аман табылды

Қорлан Нұрланқызы
13.09.2026

Алматы облысындағы бірқатар тұрғын үй кешені жарықсыз қалуы мүмкін

Қорлан Нұрланқызы
12.09.2026

Алматы облысының автобус паркі 1 млрд теңгеге жуық шығынға батты

Қорлан Нұрланқызы
12.09.2026

Алматы облысында дәстүрлі «Бақ күні» өтті

Мөлдір Иманмади
11.09.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz