Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Еңбек министрлігі ата-аналарға маңызды үндеу жасады

Қазақстанда кәмелетке толмағандардың еңбек құқықтарын қорғау жөніндегі профилактикалық іс-шаралар аясында 4,6 мыңнан астам нысан қамтылды. Бұл туралы 2026 жылғы 28 шілдеде ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
28.07.2026
Жаңалықтар

Елімізде жасөспірімдерді қауіпсіз әрі заңды жұмыспен қамту бағытындағы жұмыстар жалғасып жатқаны атап өтілді.

Еңбек министрлігінің мәліметінше, 27 шілдедегі жағдай бойынша еліміз бойынша 4619 нысанда профилактикалық іс-шаралар жүргізілген.

Оның ішінде:

  • 2070 қоғамдық тамақтану орны;
  • 1566 аттракциондар паркі мен ойын-сауық алаңы;
  • 234 базар мен сауда-ойын-сауық орталығы;
  • 221 жанармай құю станциясы;
  • 241 автокөлік жуу орны;
  • 138 компьютерлік клуб;
  • 149 өзге нысан бар.

«Тексеру барысында еңбек заңнамасы талаптарының сақталмауына қатысты 884 жағдай анықталды. Әрбір дерек бойынша заңнамаға сәйкес тиісті шаралар қабылданып жатыр», – делінген ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Жұмыс берушілермен профилактикалық жұмыс жүргізуге ерекше назар аударылады.
Мемлекеттік еңбек инспекторлары:
  • кәмелетке толмағандармен еңбек қатынастарын ресми түрде рәсімдеу;
  • белгіленген жұмыс уақытының ұзақтығын сақтау;
  • жалақыны уақтылы төлеу;
  • жасөспірімдерді ауыр, зиянды және қауіпті жұмыстарға жібермеу қажеттігін еске салды.

«ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі кәмелетке толмағандардың еңбек құқықтарын қорғау жұмыстарын жалғастырады. Сондай-ақ ата-аналарды жасөспірімдердің жұмыс жағдайына және еңбек қатынастарының ресми рәсімделуіне назар аударуға шақырады», – деп қорытындылады ведомствоның баспасөз қызметі.

2026 жылғы 26 мамырда еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаев Қазақстанда жасөспірімдердің қайда заңды түрде жұмыс істей алатынын айтқан еді. Сондай-ақ ол жасөспірімдерге жосықсыз жұмыс берушілерге алданып қалмау үшін не істеу керегін түсіндірді.

26 маусымда Асқарбек Ертаев Қазақстанда жұмыс істейтін жасөспірімдерге қандай қолдау көрсетілетінін және жас қызметкерлердің еңбек құқықтарын қорғау үшін қандай қосымша шаралар енгізу жоспарланғанын айтты.

Тегтер: Еңбек министрлігіҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

Еңбек министрлігі ата-аналарға маңызды үндеу жасады

Қорлан Нұрланқызы
28.07.2026

Әр балаға қауіпсіз орта қажет

Диана Ахметова
28.07.2026

Конституция және азамат: құқық пен жауапкершілік

Диана Ахметова
28.07.2026

Интернет алаяқтықтан сақтану – қауіпсіздіктің маңызды шарты

Диана Ахметова
28.07.2026

Зиянды әдетке жол жоқ: есірткімен күрес

Диана Ахметова
28.07.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz