Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысында тауда адасып кеткен екі жасөспірім табылды

Алматы облысының Қарасай ауданында тауға жорыққа шыққан екі жасөспірім адасып қалып, құтқарушылардың көмегімен аман-есен табылды, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
28.07.2026
Аймақ, Алматы облысы, Жаңалықтар

Оқиға Қасқыр тауында болған. Жасөспірімдер бағытынан жаңылып, өздігінен кері жолды таба алмаған. Олар ұялы телефон арқылы құтқарушыларға хабарласып, көмек сұрағанымен, көп ұзамай телефонның қуаты таусылып, байланыс үзілген.

Оқиға туралы хабар түскен бойда іздестіру-құтқару жұмыстарына Төтенше жағдайлар министрлігінің «Барыс» республикалық жедел-құтқару жасағының мамандары жұмылдырылды.

Құтқарушылар жүргізген іздестіру жұмыстарының нәтижесінде екі жасөспірім Қасқыр тауының беткейінен табылды. Абырой болғанда, олардың өміріне қауіп төнбеген және медициналық көмек қажет болмаған.

ТЖМ қызметкерлері жасөспірімдерді қауіпсіз бағытпен Өтпелі шатқалына дейін жеткізіп, кейін ата-аналарына табыстады.

Төтенше жағдайлар қызметі тұрғындарға тауға шығар алдында бағытты мұқият жоспарлап, ауа райы болжамын ескеруге, телефонның қуатын толықтап алуға және жақындарына баратын бағыты туралы алдын ала хабарлап кетуге кеңес береді.

Тегтер: Алматы облысыҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда мемлекеттік білім беру стандарты Жаңа Конституция талаптарына сәйкестендірілді

Қорлан Нұрланқызы
28.07.2026

Қонаевта суға батып бара жатқан адамды құтқармақ болған тұрғын қаза тапты

Қорлан Нұрланқызы
28.07.2026

Алматы облысында есірткі өндірісін ұйымдастырды деген күдікті Грузиядан экстрадицияланды

Қорлан Нұрланқызы
28.07.2026

Алматы облысында тауда адасып кеткен екі жасөспірім табылды

Қорлан Нұрланқызы
28.07.2026

Алматы облысында жол апатынан қаза тапқандар саны 32 пайызға төмендеді

Қорлан Нұрланқызы
28.07.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz