Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Қазақстандағы барлық перинаталдық орталықтарда ауқымды тексеру басталады

Қазақстанда босандыру қызметін көрсететін барлық медициналық ұйымдарда ауқымды тексеру жүргізіледі. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
27.07.2026
Жаңалықтар, Қоғам

Ведомство мәліметінше, Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова 15 тамызға дейін еліміздегі босандыру қызметін көрсететін 69 медициналық ұйымды тексеруді тапсырған. Тексеру барысында Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті инфекциялық бақылау талаптарының сақталуын бағалап, аналар мен жаңа туған нәрестелердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге ерекше назар аударады.

Министрлік өкілдері тексерулердің басты мақсаты – айыппұл салу немесе санкцияларды көбейту емес, тәуекелдердің алдын алып, оларды дер кезінде жою және перинаталдық орталықтардағы медициналық көмектің сапасын арттыру екенін айтады.

Денсаулық сақтау министрлігінде өткен аппараттық кеңесте Ақмарал Әлназарова инфекциялық бақылау жүйесінің негізгі міндеті салдармен күресу емес, қауіптің алдын алу екенін атап өтті.

«Инфекцияның әрбір жағдайы кәсіби тұрғыдан жан-жақты талданып, пациенттердің қауіпсіздігін арттыруға бағытталған нақты шешімдер қабылдауға негіз болуы тиіс. Ашық әрі объективті көзқарас қана медициналық көмектің сапасын жақсартуға мүмкіндік береді», – деді министр.

Кеңес қорытындысы бойынша инфекция жағдайларын тексеру тәсілдерін қайта қарау, санитариялық қағидалар мен мемлекеттік бақылаудың тексеру парақтарын жаңарту және әрбір инфекция жағдайының туындау себептеріне объективті баға беру тапсырылды.

Сонымен қатар өңірлік денсаулық сақтау басқармаларына медициналық ұйымдарды дезинфекция және зарарсыздандыру құралдарымен, жеке қорғаныш құралдарымен, заманауи жабдықтармен және бір реттік медициналық материалдармен толық қамтамасыз ету жүктелді. Бұдан бөлек, медицина қызметкерлерін инфекциялық бақылау мәселелері бойынша жүйелі түрде оқыту тапсырылды.

Министрлік антибиотиктерге төзімділік мәселесіне де ерекше назар аударды. Осыған байланысты Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті бактерияға қарсы препараттарды рецепт арқылы беру талаптарының сақталуын күшейтеді. Ведомство мұндай шаралар антибиотиктерді ұтымды пайдалануға және микроорганизмдердің дәріге төзімділігінің алдын алуға мүмкіндік беретінін атап өтті.

Тексеру аяқталғаннан кейін әрбір өңірде инфекциялық бақылау жүйесін жетілдіруге арналған арнайы жол карталары әзірленеді. Денсаулық сақтау министрлігі қабылданған кешенді шаралар аналар мен нәрестелердің қауіпсіздігін арттырып, отандық денсаулық сақтау жүйесіне деген сенімді нығайтуға ықпал етеді деп есептейді.

Тегтер: Басты жаңалықтарҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда күн 44 градусқа дейін күн ысиды: синоптиктер үш күндік болжам жариялады

Қорлан Нұрланқызы
27.07.2026

Қазақстандағы барлық перинаталдық орталықтарда ауқымды тексеру басталады

Қорлан Нұрланқызы
27.07.2026

Бір сәттік қателік – өмірлік өкініш: жол қауіпсіздігі туралы ой

Диана Ахметова
27.07.2026

Алаяқтардың арбауына түспеңіз: интернеттегі қауіпсіздік ережелері

Диана Ахметова
27.07.2026

Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл – ұлт қауіпсіздігін қамтамасыз етудің маңызды міндеті.

Диана Ахметова
27.07.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz