Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

«Славян базарының» жеңімпазы: Қонаев қаласының әкімі Ақерке Амалятты марапаттады

Қонаев қаласының әкімі Асхат Бердіханов халықаралық «Славян базары – Витебск-2026» байқауында жеңімпаз атанған әнші Ақерке Амалятты қабылдап, өнердегі жетістігі үшін Алғыс хат пен 1 миллион теңгенің сертификатын табыстады, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
24.07.2026
Аймақ, Алматы облысы, Жаңалықтар

Ақерке Амалят Беларусь Республикасының Витебск қаласында 14–20 шілде аралығында өткен халықаралық эстрадалық ән орындаушылар байқауында бірінші орынды иеленді. Биыл әлемге танымал өнер додасына 19 елдің үздік орындаушылары қатысқан.

Қабылдау барысында қала әкімі халықаралық байқаудағы жеңіс тек өнерпаздың ғана емес, тұтас өңірдің абыройын асқақтатқанын атап өтті.

«»Славян базары» – әлемдік деңгейдегі беделді өнер байқауларының бірі. Биыл 19 мемлекеттің таланттары бақ сынаған додада сіздің жеңіске жетуіңіз – тек жеке жетістік емес. Бұл Қонаев қаласының мәдени әлеуетін, қазақ өнерінің биік деңгейін әлемге танытқан үлкен жеңіс. Барша қала тұрғындарының атынан сізге алғысымды білдіремін. Алар асуыңыз биік, өнер жолыңыз әрдайым жарқын болсын! Сізге зор денсаулық, сарқылмас шабыт және жаңа жеңістер тілеймін!», – деді Асхат Бердіханов.

Салтанатты кездесуге әншіні халықаралық байқауға қатысуына қолдау көрсеткен демеуші, Қонаев қалалық Қоғамдық кеңесінің төрағасы Сергей Горяной да қатысып, жеңімпазды құттықтады.

Өз кезегінде Ақерке Амаляттың анасы Гүлнұр Зұлқаршынқызы қызының жетістігіне қолдау білдірген қала басшылығы мен Қонаев тұрғындарына алғыс айтты. Кездесу соңында ол қала әкіміне өзінің авторлық туындысын сыйға тартып, ризашылығын жеткізді.

Айта кетейік, «Славян базары» – ТМД және Еуропадағы ең беделді халықаралық музыкалық байқаулардың бірі саналады. Биылғы додада Ақерке Амаляттың жеңісі Қазақстанның ғана емес, Қонаев қаласының мәдени жетістігі ретінде бағаланып отыр.

Тегтер: Алматы облысыҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында республикадағы ауыл шаруашылығы өнімінің 12,2%-ы өндіріледі

Қорлан Нұрланқызы
24.07.2026

Кемертоғанда 18 мың тұрғынды ауыз сумен қамтитын жоба іске асырылып жатыр

Қорлан Нұрланқызы
24.07.2026

Еңбек адамына көрсетілген құрмет: Алматы облысының әкімі коммуналдық қызметкерлермен бірге тазалыққа шығып, таңғы ас ішті

Қорлан Нұрланқызы
24.07.2026

«Славян базарының» жеңімпазы: Қонаев қаласының әкімі Ақерке Амалятты марапаттады

Қорлан Нұрланқызы
24.07.2026

Алкоголизм – қоғамға төнген қауіп

Диана Ахметова
23.07.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz