Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысында Құрылтай депутаттарын сайлау үшін 683 сайлау учаскесі ашылады

Алматы облысында Құрылтай депутаттарын сайлауға дайындық жұмыстары қарқынды жалғасып жатыр. Сайлау күні өңір бойынша 683 сайлау учаскесі жұмыс істейді, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
22.07.2026
Аймақ, Алматы облысы, Жаңалықтар

Дауыс беру процесінің ашық әрі заң талаптарына сай өтуін түрлі деңгейдегі сайлау комиссияларының 4727 мүшесі қамтамасыз етеді.

Қазіргі уақытта сайлау науқанына қатысатын комиссия мүшелері, саяси партиялардың өкілдері мен бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлеріне арналған оқыту семинарлары өткізіліп жатыр. Семинар барысында қатысушыларға сайлау заңнамасындағы өзгерістер, сайлауалды үгіт жүргізудің тәртібі, сенімді өкілдерді тіркеу рәсімдері және сайлау процесінде заң талаптарын сақтау мәселелері жан-жақты түсіндірілді.

Алматы облыстық аумақтық сайлау комиссиясының төрайымы Мейрамгүл Аитованың айтуынша, мұндай кездесулер сайлау процесіне қатысушылардың құқықтық сауаттылығын арттыруға және заң талаптарын бірізді қолдануға бағытталған.

«Жоспарға сәйкес бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне арналған оқыту семинары өтті. Оған облыстық және аудандық басылымдардың журналистері қатысты. Жалпы 30-ға жуық адам жиналды. Семинар қатысушылар үшін пайдалы болды деп сенемін», – деді Мейрамгүл Аитова.

Мамандардың айтуынша, алдағы уақытта да сайлау науқанына қатысатын барлық тараптарға түсіндіру жұмыстары жалғасады. Бұл сайлаудың ашықтығы мен заңдылығын қамтамасыз етуге, сондай-ақ барлық қатысушылардың құқықтары мен міндеттерін дұрыс түсінуіне мүмкіндік береді.

Тегтер: Алматы облысыҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында заңсыз қоқыс полигонындағы өрт оқшауланды

Қорлан Нұрланқызы
17.09.2026

Алматы облысында 1,5 миллион тоннадан астам ауыл шаруашылығы өнімі жиналды

Қорлан Нұрланқызы
17.09.2026

Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында жүлде алған Алматы облысының спортшылары марапатталды

Қорлан Нұрланқызы
17.09.2026

Алматы облысында туристік нысандарға апаратын 95 шақырым жол жөнделіп жатыр

Қорлан Нұрланқызы
17.09.2026

Меншікті қорғау құқығы – азаматтардың заңды мүдделерінің кепілі

Акжаркын
16.09.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz