Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысында құтқарушылар биік тауда жарақат алған туристі эвакуациялады

Алматы облысында биік тауда жарақат алған шетелдік турист құтқарушылардың көмегімен қауіпсіз жерге эвакуацияланды. Оқиға Талғар ауданындағы теңіз деңгейінен 4194 метр биіктікте орналасқан Мәншүк Мәметова шыңында болған, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
07.07.2026
Аймақ, Алматы облысы, Жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, үш адамнан құралған туристік топ Антикайнен асуы арқылы шыңға көтерілген. Алайда маршрут барысында Ресей Федерациясының азаматы жарақат алып, өздігінен қозғалу мүмкіндігінен айырылған.

Туристерден көмек туралы хабар түскен бойда оқиға орнына Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің Құтқару қызметінің мамандары жедел аттанды.

Іздестіру-құтқару жұмыстары барысында құтқарушылар зардап шеккен туристі тауып, оған алғашқы қажетті көмек көрсетті. Кейін арнайы жабдықтың көмегімен оны қиын әрі қауіпті таулы аумақтан қауіпсіз жерге түсірді.

Құтқару операциясы сәтті аяқталғаннан кейін жарақат алған турист одан әрі медициналық көмек көрсету үшін Апаттар медицинасы орталығының қызметкерлеріне тапсырылды.

Төтенше жағдайлар министрлігі тауға шығуды жоспарлаған азаматтарды қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауға шақырады. Мамандар ауа райын алдын ала зерделеп, маршрутты мұқият жоспарлауға, қажетті альпинистік жабдықтарды пайдалануға және төтенше жағдайда жедел байланысқа шығу мүмкіндігін қамтамасыз етуге кеңес береді.

Тегтер: Алматы облысыҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

«Сайлау қорытындысына күмән келтіруге негіз жоқ» – Азаматхан Әміртаев

Қорлан Нұрланқызы
24.08.2026

Алматы облысында «Алтын адам кубогы» халықаралық бокс турнирі басталды

Қорлан Нұрланқызы
24.08.2026

Алматы облысында 4,6 млрд теңгеге банан өсіретін жылыжай салынуы мүмкін

Қорлан Нұрланқызы
24.08.2026

Меншікті қорғау құқығы – азаматтардың заңды мүдделерінің кепілі

Диана Ахметова
24.08.2026

Таза Қазақстан – болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілік

Диана Ахметова
24.08.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz