Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Көлсай көлінде 16 жастағы қызды жылан шағып, ауруханаға жеткізілді

Алматы облысындағы Көлсай көлдері ұлттық паркінің аумағында 16 жастағы қызды жылан шағып алды. Оқиға орнында кезекшілік атқарып жүрген құтқарушылар жедел әрекет етіп, зардап шеккен жасөспірімге алғашқы медициналық көмек көрсетіп, кейін ауруханаға жеткізді. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
06.07.2026
Аймақ, Алматы облысы, Жаңалықтар

Ведомство мәліметінше, оқиға кезінде демалушылар жақын маңда қызмет атқарып жүрген жедел-құтқару жасағының мамандарынан көмек сұраған. Құтқарушылар қыздың жағдайын бағалап, алғашқы медициналық көмек көрсеткеннен кейін оны қызметтік автокөлікпен медициналық мекемеге жеткізген.

Қазіргі уақытта жасөспірімнің жағдайы дәрігерлердің бақылауында.

Осыған байланысты Төтенше жағдайлар министрлігі жаз мезгілінде табиғат аясында демалатын азаматтарды қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауға шақырды. Мамандардың айтуынша, ауа райының жылынуына байланысты жыландардың белсенділігі артып, олар туристік бағыттар мен табиғи аймақтарда жиі кездесуі мүмкін.

ТЖМ демалушыларға белгіленген туристік соқпақтардан шықпауға, шатыр немесе демалыс орнын таңдар алдында аумақты мұқият тексеруге, жыландарға жақындамауға және оларды өздігінен ұстауға әрекет жасамауға кеңес береді.

Тегтер: Алматы облысыҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында жүгері жинау науқаны қызу жүріп жатыр

Қорлан Нұрланқызы
09.10.2026

Қонаевта шетелдік университеттердің білім көрмесі өтеді

Қорлан Нұрланқызы
09.10.2026

«Таза Қазақстан»: жыл басынан бері абаттандыру ережесін бұзудың 2740 дерегі анықталды

Қорлан Нұрланқызы
09.10.2026

Алматы мен облысты байланыстыратын жолдар кеңейтіледі: Үкімет ірі жобаларды тексерді

Қорлан Нұрланқызы
09.10.2026

Алматы облысында балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етудің жаңа тәсілі қолға алынды

Қорлан Нұрланқызы
09.10.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz