Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Қонаевта ашық суда жүзуден Қазақстан чемпионаты аяқталды: ұлттық құрама анықталды

Қонаев қаласында ашық суда жүзуден барлық жас санаттары бойынша Қазақстан Республикасының чемпионаты өз мәресіне жетті, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
03.07.2026
Аймақ, Алматы облысы, Жаңалықтар

Бірнеше күнге созылған ел біріншілігінде 12 өңірден келген 168 спортшы чемпиондық атақ үшін ғана емес, ұлттық құрама сапына еніп, халықаралық жарыстарға жолдама алу үшін де өзара бақ сынады.

Жарыс Қонаев қаласындағы «Пляжный волейбол» демалыс базасында өтті. Чемпионат Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің республикалық спорттық іс-шаралар күнтізбесі аясында ұйымдастырылды. Оны Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы, Алматы облыстық «Бұқаралық спорт клубы» және Қазақстанның Су спорт түрлері федерациясы бірлесіп өткізді.

Биылғы ұлттық біріншіліктің басты мақсаты – еліміздегі ашық суда жүзу спортын дамыту, үздік спортшыларды анықтау, Қазақстан ұлттық құрамасын жасақтау және 3–6 қыркүйек аралығында Аргентинада өтетін жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатына қатысатын спортшыларды іріктеу болды.

Чемпионат барысында ересектер 3 шақырымдық спринтте, 5 және 10 шақырымдық қашықтықтарда, 4×1500 метрлік және 6×500 метрлік аралас эстафеталарда сынға түсті. Ал жас санатындағы спортшылар 100 метр, теңіз милі, 3000 және 5000 метрлік қашықтықтарда өзара мықтыны анықтады.

Жарыстың ең басты бәсекесі дәстүрлі түрде олимпиадалық 10 шақырымдық қашықтықта өтті. Дәл осы сынның нәтижесі бойынша Қазақстан ұлттық құрамасының негізгі құрамы жасақталды.

Ерлер арасында Түркістан облысының өкілі, Қазақстан Республикасының спорт шебері Ғалымжан Балабек чемпион атанды. Күміс жүлде Шымкент қаласының спортшысы Кирилл Колесниковқа, ал қола медаль Алматы қаласының өкілі Лев Черепановқа бұйырды.

Ғалымжан Балабек – ашық суда жүзуден Қазақстанның жетекші спортшыларының бірі. Ол әлем чемпионаттарында ел намысын қорғап, қысқа суда үш мәрте Қазақстан рекордын жаңартқан, халықаралық жарыстардың жүлдегері. Биыл Азия жағажай ойындарында ұлттық құрама сапында өнер көрсетті.

«Қазақстан чемпионатында жеңіске жеткеніме қуаныштымын. Биылғы бәсекенің деңгейі өте жоғары болды. Ашық суда физикалық дайындықпен қатар дұрыс тактика құру шешуші рөл атқарады. Бұл жеңіс халықаралық жарыстар алдында үлкен сенім сыйлады. Ендігі мақсатым – Қазақстанның намысын әлемдік аренада лайықты қорғау», – деді Ғалымжан Балабек.

Әйелдер арасында олимпиадалық 10 шақырымдық жарыста Жетісу облысының спортшысы Мария Федотова алтын медаль жеңіп алды. Екінші орынға Саида Елемес (Жетісу облысы), үшінші орынға Дарья Пушко (Шымкент қаласы) тұрақтады.

2007–2008 жылы туған спортшылар арасындағы жастар санатында Жетісу облысының өкілі, Қазақстан Республикасының спорт шебері Аяжан Айнабекова үздік нәтиже көрсетті. Ол – ел чемпионаттарының бірнеше дүркін жеңімпазы әрі жүлдегері, сондай-ақ Жетісу облысының құрамында 4×200 метрлік еркін стильдегі эстафетада Қазақстан рекордын жаңартуға үлес қосқан спортшы.

«Бұл жеңіс мен үшін ерекше маңызды. Қазақстан чемпионатында әрбір медаль үлкен еңбекпен келеді. Жарыс кезінде тактиканы дұрыс таңдап, соңғы кезеңге күш сақтауға тырыстым. Бұл нәтиже алдағы халықаралық жарыстарда жоғары жетістіктерге жетуге қосымша мотивация береді», – деді Аяжан Айнабекова.

Чемпионат қорытындысы бойынша өз жас санаттарында жүлдегер атанған спортшылар қатарында Жетісу облысының өкілдері Еркежан Берікбол, Саида Елемес, Дарина Сысоева, Камила Айтжанова, София Кылышбаева, Рамиль Елденов, Дінмұхаммед Болатбек және Мереке Амангелді, Қарағанды облысының спортшылары Егор Дубицкий, Ярослав Губарев, Тимофей Лебедев, Алматы қаласының өкілдері Радмила Капанова мен Мансур Разиев, Шымкент қаласының спортшылары Айғаным Қуанышқова мен Никита Скрипников, Астана қаласының өкілі Әдел Қонысбаева, сондай-ақ Шығыс Қазақстан облысының спортшысы Руслан Максимов бар.

Қонаевта өткен Қазақстан чемпионаты ұлттық құраманы жасақтаумен қатар, елдегі ашық суда жүзу спортының қарқынды дамып келе жатқанын тағы бір мәрте көрсетті. Енді чемпионат жеңімпаздары халықаралық додаларда Қазақстанның намысын қорғап, әлемдік аренада бақ сынайтын болады.

Тегтер: Алматы облысыҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

Алматыда Қытайдың Бас консулдығы қазақстандық журналистерге құрмет көрсетті

Қорлан Нұрланқызы
03.07.2026

Қауіпсіз қоғам – әр азаматтың ортақ жауапкершілігі

Диана Ахметова
03.07.2026

Қонаевта ашық суда жүзуден Қазақстан чемпионаты аяқталды: ұлттық құрама анықталды

Қорлан Нұрланқызы
03.07.2026

Қазақстанда психологиялық қызмет туралы заң қабылданды

Қорлан Нұрланқызы
03.07.2026

Алматы облысында су тасқынының салдарын жою және алдын алу жұмыстары күшейтілді

Қорлан Нұрланқызы
03.07.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz