Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысында су тасқынының салдарын жою және алдын алу жұмыстары күшейтілді

Алматы облысында нөсер жауыннан кейін туындаған күрделі жағдайға байланысты төтенше жағдайлардың алдын алу және қауіпсіздікті қамтамасыз ету жұмыстары тәулік бойы жалғасып жатыр. ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің үйлестіруімен өңірдің бірнеше ауданында инженерлік-қалпына келтіру шаралары жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
03.07.2026
Аймақ, Алматы облысы, Жаңалықтар

Ведомство мәліметінше, қазіргі уақытта Қарасай ауданындағы Ақсай өзенінің су ағысын карьер аумағынан негізгі арнасына бұру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Қауіпті учаскеде арнайы инженерлік техника жұмылдырылып, су ағынын тұрақтандыру және жағалауды нығайту бағытында қажетті инженерлік жұмыстар атқарылуда.

Қауіпсіздік шаралары аясында Қарасай ауданында қауіпті аймақта орналасқан тоғыз жеке тұрғын үйдің тұрғындары алдын ала эвакуацияланды. Қауіпсіз жерге барлығы 11 адам, оның ішінде бір бала көшірілді. Қазіргі уақытта зардап шеккендер туралы ақпарат тіркелген жоқ. Мамандар қауіпті аумақты тұрақты бақылауда ұстап, тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.

Ал Еңбекшіқазақ ауданында да төтенше жағдайдың салдарын жою жұмыстары жалғасуда. Мұнда жағалауды бекіту, су шайып кеткен жол учаскелерін тазарту және көлік қозғалысын қайта қалпына келтіру бойынша кешенді шаралар қолға алынған. Бұған дейін ҚР ТЖМ құтқарушылары қауіпті аймақтан 42 адамды, оның ішінде бес баланы және сегіз шетелдік азаматты қауіпсіз жерге эвакуациялаған болатын. Зардап шеккендер жоқ.

Алдын алу және қалпына келтіру жұмыстарына ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің бөлімшелері, ТЖМ-нің 28237 әскери бөлімінің әскери қызметшілері, «Қазселденқорғау» мемлекеттік мекемесінің мамандары, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың өкілдері жұмылдырылған.

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі жағдайдың толық бақылауда екенін мәлімдеді. Ведомство өңір тұрғындарын сабыр сақтап, тек ресми ақпарат көздеріне сүйенуге және құзырлы органдардың қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауға шақырды.

Тегтер: Алматы облысыБасты жаңалықтарҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

«Сайлау қорытындысына күмән келтіруге негіз жоқ» – Азаматхан Әміртаев

Қорлан Нұрланқызы
24.08.2026

Алматы облысында «Алтын адам кубогы» халықаралық бокс турнирі басталды

Қорлан Нұрланқызы
24.08.2026

Алматы облысында 4,6 млрд теңгеге банан өсіретін жылыжай салынуы мүмкін

Қорлан Нұрланқызы
24.08.2026

Меншікті қорғау құқығы – азаматтардың заңды мүдделерінің кепілі

Диана Ахметова
24.08.2026

Таза Қазақстан – болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілік

Диана Ахметова
24.08.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz