Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Қарасай ауданында жергілікті деңгейдегі төтенше жағдай жарияланды

Алматы облысының Қарасай ауданында Ақсай өзенінің жағалауын су шайып, карьер аумағында топырақтың сырғуына байланысты жергілікті деңгейдегі төтенше жағдай жарияланды, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
02.07.2026
Аймақ, Алматы облысы, Жаңалықтар

Қазіргі уақытта оқиға орнында қалпына келтіру және қауіпсіздікті қамтамасыз ету жұмыстары үздіксіз жүргізілуде.

Алматы облысы әкімдігінің мәліметінше, оқиға 2 шілде күні таңғы сағат 06:50 шамасында Қарасай ауданына қарасты Жаңатұрмыс ауылындағы «Ақсай карьері» ЖШС аумағында болған. Ақсай өзеніндегі су ағынының әсерінен жағалау шайылып, карьердің солтүстік-батыс бөлігіндегі топырақ массасы сырғыған.

Оқиға туралы хабар түскен бойда төтенше жағдай қызметтері мен жергілікті атқарушы органдар жедел түрде оқиға орнына жетіп, ахуалды бақылауға алды.

Қауіпсіздік мақсатында карьерге жақын орналасқан тоғыз жеке тұрғын үйдің тұрғындары уақытша эвакуацияланды. Мамандар аумақты толық тексеріп, қауіпті аймақты қоршауға алып, жағдайды тұрақтандыруға бағытталған кешенді жұмыстарды қолға алды.

Қазіргі уақытта инженерлік және қалпына келтіру жұмыстарына 19 маман мен 14 бірлік арнайы техника жұмылдырылған. Сонымен қатар тұрғындарға түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша барлық қажетті шаралар қабылдануда.

Қалыптасқан жағдайды ескере отырып, Қарасай ауданында жергілікті деңгейдегі төтенше жағдай режимі жарияланды. Бұл шешім апат салдарын жоюға қажетті күштер мен құралдарды жедел жұмылдырып, жұмыстарды тиімді үйлестіруге мүмкіндік береді.

Облыс әкімдігі Алматы облысының өзге аудандарында жағдай тұрақты екенін айтады. Ал жүргізіліп жатқан жұмыстар Алматы облысының әкімі мен жауапты мемлекеттік органдардың тұрақты бақылауында.

Мамандар тұрғындарды сабыр сақтауға, құзырлы органдардың талаптары мен ұсынымдарын орындауға және тек ресми ақпарат көздеріне ғана сенуге шақырады.

Тегтер: Алматы облысыҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

«Сайлау қорытындысына күмән келтіруге негіз жоқ» – Азаматхан Әміртаев

Қорлан Нұрланқызы
24.08.2026

Алматы облысында «Алтын адам кубогы» халықаралық бокс турнирі басталды

Қорлан Нұрланқызы
24.08.2026

Алматы облысында 4,6 млрд теңгеге банан өсіретін жылыжай салынуы мүмкін

Қорлан Нұрланқызы
24.08.2026

Меншікті қорғау құқығы – азаматтардың заңды мүдделерінің кепілі

Диана Ахметова
24.08.2026

Таза Қазақстан – болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілік

Диана Ахметова
24.08.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz