Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Қазақстан мектептерінде жаңа міндетті пәндер енгізіле

Қазақстанда мектепке дейінгі және бастауыш білім беру жүйесін жаңғыртуға бағытталған ауқымды өзгерістер қолға алынды. Жаңа Конституция аясында бастауыш білімге алғаш рет конституциялық мәртебе беріліп, оқу бағдарламалары қайта қаралды. Сонымен қатар жаңа оқу жылынан бастап мектептерде бірқатар жаңа міндетті пәндер енгізіледі. Бұл туралы Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова Үкімет отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
01.07.2026
Жаңалықтар

Министрдің айтуынша, мектепке дейінгі және бастауыш білім беру жүйесін дамытуға арналған 2026–2028 жылдарға арналған кешенді жоспар әзірленген.

«Осы негізде 2026–2028 жылдарға арналған мектепке дейінгі және бастауыш білім беруді дамытудың кешенді жоспары әзірленді. Негізгі басымдықтардың бірі – мектепке дейінгі тәрбие және оқытумен қамтуды кеңейту», – деді Жұлдыз Сүлейменова.

Министр жаңа Конституцияның қабылдануымен бастауыш білім беру жүйесінде маңызды өзгерістер болғанын атап өтті.

«Алғаш рет жаңа Конституцияда бастауыш білім конституциялық мәртебеге ие болды. Осыған байланысты балалардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, оқу бағдарламаларының мазмұны кешенді түрде қайта қарастырылды», – деді министр.

Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, 1–4 сыныптарға арналған математика пәні бойынша 244 оқу мақсаты қайта қаралған.

Жаңартылған бағдарламада:

  • оқушылардың жас ерекшелігіне сәйкес келмейтін тақырыптар алынып тасталды;
  • кейбір оқу мақсаттары жоғары сыныптарға ауыстырылды;
  • пәннің практикалық бағыты күшейтілді;
  • күрделі теориялық материалдардың көлемі қысқартылды;
  • оқу жылының басы мен соңында өткен материалды қайталау бөлімдері енгізілді.

Сонымен қатар бірінші сынып оқушылары үшін арнайы бейімделу кезеңі енгізіледі. Бұл әртүрлі дайындық деңгейімен мектеп табалдырығын аттаған балалардың оқу процесіне жеңіл бейімделуіне мүмкіндік береді.

Жаңартулар қазақ тілі пәндеріне де қатысты.

Министрдің айтуынша:

  • әліппеге дейінгі кезең 12 сағатқа ұзартылды;
  • «Әліппе» пәніне 84 сағат бөлінді;
  • «Ана тілі» пәні екінші жартыжылдықта 102 сағат көлемінде оқытылады.

Сондай-ақ оқу бағдарламаларында ауызша сөйлеу мәдениетін дамытуға, мәтінді түсініп оқуға, оқырман сауаттылығын қалыптастыруға және жазбаша коммуникация дағдыларын жетілдіруге басымдық берілген.

Жаңа оқу жылынан бастап міндетті пәндер көбейеді

Жаңа оқу жылында мектеп бағдарламасына бірнеше жаңа міндетті пән енгізіледі.

Атап айтқанда:

  • 5–7 сыныптарда – «Конституция негіздері» пәні;
  • 8–11 сыныптарда – «Заң және тәртіп» міндетті курсы;
  • 5–11 сыныптарда – «Жеке қауіпсіздік» курсы оқытылады.

Сонымен бірге келесі оқу жылынан бастап 8–9 сыныптарда «Қазақстан географиясы» пәні қайта енгізіледі.

Бұған дейін таңдау пәні ретінде оқытылған «Құқық негіздері» енді барлық оқушылар үшін міндетті пәнге айналып, жаңа Конституция талаптарына сай жаңартылған мазмұнда жүргізіледі.

Жұлдыз Сүлейменованың айтуынша, жүргізіліп жатқан реформалардың негізгі мақсаты – мектепке дейінгі және бастауыш білімнің сапасын арттыру арқылы елдің адами капиталын дамыту.

«Сапалы бастауыш білім – сапалы орта білімнің, ал сапалы орта білім еліміздің бәсекеге қабілетті адам капиталының негізіне айналуы тиіс», – деді министр.

Оқу-ағарту министрлігі енгізіліп жатқан өзгерістер балалардың жас ерекшеліктерін ескеруге, білім беру сапасын арттыруға және жаңа Конституцияда айқындалған білім беру саясатын тиімді іске асыруға бағытталғанын атап өтті.

Тегтер: біліммектеп

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысының тауларында жоғалған зейнеткер аман табылды

Қорлан Нұрланқызы
01.07.2026

Қазақстан мектептерінде жаңа міндетті пәндер енгізіле

Қорлан Нұрланқызы
01.07.2026

Қазақстанда жаңа Конституция күшіне енді: Конституциялық сот маңызды өзгерістерді түсіндірді

Қорлан Нұрланқызы
01.07.2026

Президент қазақстандықтарды Жаңа Конституцияның күшіне енуімен құттықтады

Қорлан Нұрланқызы
01.07.2026

«Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығына өтінім қабылдау басталды

Қорлан Нұрланқызы
01.07.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz