Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысында «Қымызмұрындық – 2026» мерекесі басталды

Алматы облысының Кеген ауданындағы Қарқара жайлауында дәстүрлі «Қымызмұрындық – 2026» мәдени-көпшілік және спорттық мерекесі басталды. Биыл бесінші рет ұйымдастырылып отырған ауқымды шараға Қазақстанның түкпір-түкпірінен және шетелден мыңдаған қонақ келді,, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
27.06.2026
Аймақ, Алматы облысы, Жаңалықтар

Ұйымдастырушылардың мәліметінше, екі күнге созылатын мерекеге 35 мыңға жуық адам қатысады деп күтілуде.

Биылғы «Қымызмұрындық» қазақтың көрнекті тарихи тұлғасы Әлмерек Жаншықұлының 368 жылдығымен тұспа-тұс келіп отыр.

Таңертеңнен бастап Қарқара жайлауына жиналған жұртшылық жүзден астам киіз үйден құралған этноауылды аралады.

Қонақтарға қазақ халқының тұрмыс-тіршілігі мен салт-дәстүрін танытатын көрмелер ұсынылды. Сонымен қатар қолөнер шеберлерінің туындылары, суретшілердің еңбектері, ауыл шаруашылығы техникасы және жергілікті өндірушілердің өнімдері көпшілік назарына қойылды.

Фестиваль аясында қолөнер бойынша шеберлік сабақтары ұйымдастырылып, тарихи жәдігерлер көрмесі де көпшіліктің қызығушылығын тудырды.

Ұлттық спорттан жарыстар өтуде

Мереке аясында қазақтың ұлттық спорт түрлерінен де тартысты жарыстар ұйымдастырылды.

Қатысушылар:

  • ат бәйгесі;
  • қазақ күресі;
  • алыптар сайысы;
  • теңге ілу;
  • асық ату;
  • қой көтеру сияқты ұлттық ойындарда бақ сынауда.

Қонақтарға концерт пен ұлттық тағамдар ұсынылды

Мерекелік бағдарлама аясында «Топжарған» этно-өнер орталығы мен «Толағай» өнер орталығының қойылымдары сахналанып, Алматы облысының өнерпаздары мен танымал эстрада жұлдыздарының концерті өтті.

Балалар үшін арнайы ойын аймағы ұйымдастырылып, аттракциондар, қуыршақ театры, сурет салу, қолөнер, шахмат және тоғызқұмалақ сайыстары өткізілуде.

Сонымен қатар келушілер ұлттық сусын – қымыздан дәм татып, қазақтың дәстүрлі тағамдарынан ауыз тию мүмкіндігіне ие болды.

Айта кетейік, биылғы «Қымызмұрындық» мерекесіне Қазақстанмен қатар Түркия, Әзербайжан, Қырғызстан, Қытай, Түрікменстан, Өзбекстан және Қарақалпақстан Республикасынан қонақтар қатысып жатыр.

Тегтер: Алматы облысыБасты жаңалықтарҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

Қарқара жайлауында «Таза Қазақстан» акциясы өтті

Қорлан Нұрланқызы
27.06.2026

«Қымызмұрындық – 2026»: мың жылқы шеруі мен ұлттық спорт көпшілікті тәнті етті

Қорлан Нұрланқызы
27.06.2026

«Қымызмұрындық – 2026»: Қарқарада ұлттық рух пен дәстүр тоғысқан ұлы мереке өтті

Қорлан Нұрланқызы
27.06.2026

Алматы облысында «Қымызмұрындық – 2026» мерекесі басталды

Қорлан Нұрланқызы
27.06.2026

Қонаевта заманауи кардиологиялық орталық ашылды

Қорлан Нұрланқызы
26.06.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz