Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Тоқаев әскерге шақыру рәсімін жаңа форматта өткізуді тапсырды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда жастарды елдің басты құндылықтарына адал етіп тәрбиелеу стратегиялық міндет екенін мәлімдеді, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
26.06.2026
Жаңалықтар, Қоғам

Мемлекет басшысының айтуынша, өскелең ұрпақ Тәуелсіздік пен Егемендікті, елдің аумақтық тұтастығын, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын, сондай-ақ Әділ, Құқықтық және Озық Қазақстан құру идеясын терең түсініп, жүрекпен қабылдауы қажет.

«Алдымызда стратегиялық маңызды міндет тұр. Мемлекетіміздің басты құндылықтарын жете түсініп, жүрекпен қабылдайтын жастар тәрбиелеуіміз керек», – деді Президент.

Әскери қызмет патриотизм мектебіне айналуы тиіс

Қасым-Жомарт Тоқаев әскери қызметтің шынайы патриоттарды тәрбиелейтін маңызды институт болуы қажет екенін атап өтті.

Осыған байланысты Мемлекет басшысы әскери дәстүрлерді «Адал азамат – Сарбаз – Отан қорғаушы» қағидаты негізінде жаңғырту бастамасын қолдайтынын айтты.

Президенттің сөзінше, енді әскерге шақыру, әскери ант қабылдау және әскери қызметтен босату рәсімдері мемлекеттік хаттама талаптарына сәйкес жаңа форматта әрі салтанатты түрде ұйымдастырылады.

Бұл өзгерістер жастардың әскери қызметке деген көзқарасын қалыптастырып, әскери дәстүрлердің сабақтастығын нығайтуға және әскердің қоғамдағы беделін арттыруға ықпал етеді.

«Сарбаз болу – зор мәртебе. Қарулы күштер қатарында борышын өтеген әр азамат қоғамның құрметіне лайық. Барлығымыз күш біріктірсек, ата-аналар әскери мамандықты таңдаған ұл-қыздарын мақтан тұтатын деңгейге жетеміз деп сенемін», – деді Мемлекет басшысы.

Президент қазіргі әлемдегі геосаяси ахуалдың күрделене түскеніне назар аударды.

Оның айтуынша, әскери қақтығыстар мен санкциялық қысым күшейген кезеңде мемлекет қауіпсіздігі мен ұлттық бірліктің маңызы бұрынғыдан да арта түскен.

Сондықтан жастардың бойында мемлекеттік рәміздерге құрмет, азаматтық жауапкершілік және ел тағдырына бейжай қарамау қасиеттерін қалыптастыру маңызды.

Мемлекет басшысы мұндай құндылықтар жаңа буынның дүниетанымының өзегіне айналуы тиіс екенін атап өтті.

Тегтер: әскерҚазақстанҚасым-Жомарт Тоқаев

Соңғы жаңалықтар

Қонаевта заманауи кардиологиялық орталық ашылды

Қорлан Нұрланқызы
26.06.2026

Алматы облысында журналистерге пәтер кілті табысталды

Қорлан Нұрланқызы
26.06.2026

Алматы облысы мен Таиланд жаңа инвестициялық жобаларды талқылады

Қорлан Нұрланқызы
26.06.2026

Алматы облысы Тәжікстанмен сауда-экономикалық байланысты нығайтады

Қорлан Нұрланқызы
26.06.2026

Тоқаев әскерге шақыру рәсімін жаңа форматта өткізуді тапсырды

Қорлан Нұрланқызы
26.06.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz