Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысында журналистерге пәтер кілті табысталды

Алматы облысында Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күніне орай журналистерге мемлекеттік наградалар табысталып, екі БАҚ өкіліне баспана кілті берілді. Сондай-ақ өңір журналистері үшін жаңа тұрғын үй бағдарламасы іске қосылатыны белгілі болды, деп хабарлайды alataunews.kz Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қорлан Нұрланқызы
26.06.2026
Аймақ, Алматы облысы, Жаңалықтар

Салтанатты рәсімде облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев ақпарат саласы қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтап, Мемлекет басшысының атынан мемлекеттік марапаттар мен пәтер кілттерін тапсырды.

Биыл жаңа қоныс иелері атанғандар қатарында «Алатау арайы» газетінің бас редакторы Қуаныш Тұңғатар мен «Өлке тынысы» ЖШС-ның баспа қызметіндегі үйлестірушісі Жанат Тоқанова бар.

Сонымен қатар ақпарат саласының бірқатар өкілдері мемлекеттік наградалармен марапатталды.

Атап айтқанда:

  • Кәдірбек Құныпияұлы – «Парасат» орденімен;
  • Игорь Туранин – «Ерен еңбегі үшін» медалімен;
  • Шолпан Нұржауова – «Шапағат» медалімен марапатталды.

Бұдан бөлек, медиа саласының мамандарына «Еңбек ардагері», «Ақпарат саласының үздігі» төсбелгілері, Құрмет грамоталары мен Алғыс хаттар табысталды.

«Қалам елді түзейді»

Өңір басшысы журналистердің қоғамдағы рөліне тоқталып, олардың ел мен халық арасындағы алтын көпір екенін атап өтті.

«Сіздер күн сайын ел өміріндегі маңызды оқиғаларды халыққа жедел әрі шынайы жеткізіп, қоғам мен мемлекет арасындағы байланыстың нығаюына үлкен үлес қосып келесіздер. «Қалам елді түзейді» деп бекер айтылмаған. Кәсіби біліктіліктеріңіз бен азаматтық ұстанымдарыңыз қоғамның дамуына қызмет етіп келеді. Ұлт құндылықтарын дәріптеп жүрген журналистерге халық үлкен үміт артады», – деді Марат Сұлтанғазиев.

Әкімнің айтуынша, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен журналистерді баспанамен қамту тәжірибесі енді өңірлерде де жалғасып жатыр. Алматы облысы осы бастаманы жүзеге асырған алғашқы өңірлердің бірі болды.

Журналистер үшін жаңа ипотекалық бағдарлама

Салтанатты жиында журналистерге тағы бір жағымды жаңалық жарияланды. Биылдан бастап «Алатау» өңірлік ипотекалық бағдарламасына «Бұқаралық ақпарат құралдары» санаты енгізілді.

Енді Алматы облысында еңбек ететін журналистер аталған бағдарлама арқылы тұрғын үй алуға мүмкіндік алады.

Сондай-ақ өңірде бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерін қолдау мақсатында жыл сайын «Самғау» медиа сыйлығы ұйымдастырылатыны айтылды.

Биыл байқауда «Таза Қазақстан» және «Заң мен тәртіп» тақырыптарындағы үздік мақала, телесюжет пен бейнероликтерге басымдық беріледі. Сонымен бірге облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуын кеңінен насихаттаған журналистер де марапатталады.

Жаңа пәтердің кілтін алған Қуаныш Тұңғатар мұндай қолдау әр журналист үшін үлкен қуаныш екенін айтты.

«Шерхан Мұртаза «Журналистің арқалағаны алғыс, жегені жантақ» деген еді. Бүгін бұл сөздің мәні өзгергендей. Журналистер жыл бойы халықтың мұңын мұңдап, мәселесін көтереді. Ал кәсіби мереке қарсаңында осындай құрметке бөлену – ерекше сезім. Алматы облысы құрылғаннан бергі төрт жыл ішінде алғаш рет БАҚ өкілдеріне баспана беріліп отыр. Бұл – Мемлекет басшысы мен облыс әкімдігінің журналистерге көрсеткен нақты қолдауы», – деді ол.

Айта кетейік, енді Алматы облысында еңбек ететін журналистер мемлекеттік марапаттармен қатар, «Алатау» өңірлік ипотекалық бағдарламасына қатысу мүмкіндігіне де ие болады. Өңір билігінің мәліметінше, бұл бастама ақпарат саласы қызметкерлерін әлеуметтік қолдау шараларын күшейтуге бағытталған.

Тегтер: Алматы облысыБасты жаңалықтарҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

Қонаевта заманауи кардиологиялық орталық ашылды

Қорлан Нұрланқызы
26.06.2026

Алматы облысында журналистерге пәтер кілті табысталды

Қорлан Нұрланқызы
26.06.2026

Алматы облысы мен Таиланд жаңа инвестициялық жобаларды талқылады

Қорлан Нұрланқызы
26.06.2026

Алматы облысы Тәжікстанмен сауда-экономикалық байланысты нығайтады

Қорлан Нұрланқызы
26.06.2026

Тоқаев әскерге шақыру рәсімін жаңа форматта өткізуді тапсырды

Қорлан Нұрланқызы
26.06.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz