Жантүршігерлік жол апаты 23 маусым күні болған. Алдын ала мәлімет бойынша, Haval көлігінің жүргізушісі рөлге ие бола алмай, қарсы бағыттағы жолаққа шығып кетіп, Audi 100 автокөлігімен соқтығысқан. Қатты соққыдан Audi 100 көлігінің жүргізушісі мен екі жолаушысы ауыр жарақат алып, оқиға орнында көз жұмды.
Жол-көлік оқиғасына байланысты қылмыстық іс қозғалды. Haval жүргізушісі ұсталып, қамауға алынды.
Қазір оқиғаның барлық мән-жайы мен себептерін анықтау үшін тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Тергеу барысын облыстық полиция департаментінің басшылығы ерекше бақылауға алды.





