Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Қазақстанда әскерге шақыру толық цифрлық форматқа көшіріледі

Қазақстанда азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру тәртібі цифрландырылып, әскери есепке алу мен құжат айналымы жаңа форматқа көшіріледі. Тиісті өзгерістер Үкіметтің 2026 жылғы 22 маусымдағы қаулысымен бекітілді, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
24.06.2026
Жаңалықтар

Құжатқа сәйкес, әскери есепке алу саласына Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің жаңа цифрлық жүйесі енгізіледі. Аталған жүйе азаматтардың дербес әскери есебін жүргізуге, жұмылдыру ресурстарын автоматтандырылған түрде бақылауға және мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерімен өзара ықпалдасуға мүмкіндік береді.

Жаңа тәртіп бойынша әскерге шақырылушылар туралы қажетті мәліметтер қорғаныс істері жөніндегі басқармалар мен бөлімдерге мемлекеттік органдардың цифрлық жүйелері арқылы автоматты түрде беріледі. Егер жүйелер арасында интеграция болмаса, сұратылған ақпарат үш жұмыс күні ішінде ұсынылуы тиіс.

Сонымен қатар, әскерге шақырылушыларды зерделеу және іріктеу жұмыстарына Қарулы күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құрылымдардың, сондай-ақ арнайы мемлекеттік органдардың өкілдері қатыса алады.

Қаулыға сәйкес, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі мен Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметін жасақтау үшін әскерге шақырылушыларды іріктеу басым тәртіппен жүргізіледі. Ал Ұлттық ұлан бөлімдерін толықтыру бұл құрылымдарды жасақтау аяқталғаннан кейін жүзеге асырылады.

12 шілдеден бастап шақыру комиссиялары электронды форматқа көшеді

Жаңа нормаларға сәйкес, 2026 жылғы 12 шілдеден бастап аудандық және облыстық шақыру комиссияларының шешімдері толықтай электронды форматта рәсімделеді.

Медициналық куәландыру қорытындылары бойынша қабылданған шешімдер Қорғаныс министрлігінің цифрлық жүйесінде тіркеледі. Сондай-ақ шақыру комиссияларының хаттамалары да электронды түрде жасалып, комиссия төрағасы, мүшелері және хатшысы электрондық цифрлық қолтаңба арқылы растайды.

Тек жүйеде техникалық ақау туындаған жағдайда ғана хаттамаларды бұрынғыдай қағаз нұсқасында рәсімдеуге мүмкіндік беріледі.

Құжаттар электронды есептік картаға енгізіледі

Өзгерістерге сәйкес, мерзімді әскери қызметке шақырылатын азаматтардың барлық негізгі мәліметтері цифрлық есептік картада сақталады.

Оған медициналық куәландыру нәтижелері, соттылығының бар-жоғы туралы анықтамалар, әскери қызметке жарамдылық дәрежесі және басқа да қажетті құжаттар енгізіледі. Медициналық карталардың сканерленген көшірмелері де жүйеге жүктеледі.

Жинақтау пункттеріне келген азаматтардың құжаттары Қорғаныс министрлігінің цифрлық жүйесіндегі мәліметтермен салыстырылып тексеріледі. Әрбір тексеру нәтижесі арнайы белгіленіп, жауапты қызметкердің қолымен расталады.

Егер азаматқа қатысты әскери қызметті кейінге қалдыруға немесе одан босатуға негіз болатын деректер анықталмаса, бұл туралы ақпарат есептік картаға тіркеледі.

Әскери бұйрықтар да цифрлық форматта шығарылады

Жаңа қаулыға сәйкес, әскери бөлімдерді жасақтау аяқталғаннан кейін шақырылушыларды мерзімді әскери қызметке жіберу және оларға әскери атақ беру туралы бұйрықтар Қорғаныс министрлігінің цифрлық жүйесі арқылы рәсімделеді.

Техникалық ақау туындаған жағдайда ғана құжаттарды қағаз түрінде шығаруға рұқсат етіледі. Кейін олар цифрлық жүйеде қайта тіркеледі.

Сондай-ақ әскери қызметке шақырылған азаматтар жинақтау пункттерінде жеке деректерін жинауға, өңдеуге және мемлекеттік органдар арасында беруге келісім береді. Бұл келісім де электронды есептік картада сақталады.

Әскери жиындар да цифрландырылады

Қаулы әскери жиындарды ұйымдастыру тәртібіне де өзгерістер енгізеді. Енді әскери жиындарға шақыру туралы бұйрықтар цифрлық жүйе арқылы рәсімделеді.

Ал жиындар аяқталғаннан кейін қорғаныс істері жөніндегі басқармалар мен бөлімдер бес жұмыс күні ішінде әскери міндеттілердің есептік карталарын жаңартып, әскери-есептік мамандықтар мен лауазымдардың өзекті кодтарын енгізуге міндетті болады.

Осылайша, әскери есепке алу және әскерге шақыру рәсімдерін цифрландыру мемлекеттік органдар арасындағы ақпарат алмасуды жеделдетуге, құжат айналымын жеңілдетуге және адами фактордың әсерін азайтуға мүмкіндік береді.

Қаулының негізгі ережелері 2026 жылғы 4 шілдеден бастап күшіне енеді. Ал Қорғаныс министрлігінің жаңа цифрлық жүйесін пайдалануға қатысты нормалар 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі.

Тегтер: әскерҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында 500-ден астам жалған жалға беру хабарландыруы бұғатталды

Қорлан Нұрланқызы
24.06.2026

Қарасай ауданында құтқарушылар арматураға ілінген баланы босатты

Қорлан Нұрланқызы
24.06.2026

Алматы облысында кітап оқуды дамытуға арналған меморандумға қол қойылды

Қорлан Нұрланқызы
24.06.2026

Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді

Қорлан Нұрланқызы
24.06.2026

Қазақстанда әскерге шақыру толық цифрлық форматқа көшіріледі

Қорлан Нұрланқызы
24.06.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz