Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысында айдаладан полицейдің өртенген денесі табылды

Алматы облысының Кеген ауданында таулы аймақтан адамның өртеніп кеткен мәйіті табылды. Кейін қаза тапқан адамның полиция қызметкері екені анықталды, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
24.06.2026
Аймақ, Алматы облысы, Жаңалықтар

Оқиға Көкпек – Көктал – Кеген тасжолынан шамамен 400 метр қашықтықта болған. Алдын ала мәлімет бойынша, өртеніп жатқан денені мал іздеп жүрген шопан байқап, бұл туралы полицияға хабарлаған.

Оқиға орнына жеткен жедел-тергеу тобы қаза тапқан адамның жеке басын анықтады. Марқұм Алматы қаласы Әуезов аудандық полиция басқармасында аға жедел уәкіл болып қызмет атқарған Аслан Әлсеров болып шықты.

Тергеу барысында мәйіттің толықтай жанып кеткені белгілі болды. Сондай-ақ оның оң қолынан өртенген арқанның қалдықтары табылған.

Алдын ала болжам бойынша, қылмыс Алматы қаласындағы пәтерлердің бірінде жасалуы мүмкін. Тергеу нұсқасына сәйкес, кейін қылмыстың ізін жасыру мақсатында мәйіт басқа жерге жеткізіліп, өртелген.

Алматы облысы полиция департаментінің мәліметінше, аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, жедел-іздестіру шаралары жүргізілген.

«23 маусым күні полицияға Кеген ауданындағы таулы аймақтан ер адамның мәйіті табылғаны туралы хабарлама түсті. Оқиға орнына жедел түрде тергеу-жедел тобы жіберілді. Қаза болған адамның жеке басы анықталып, оның полиция қызметкері болғаны расталды. Жүргізілген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде күдікті ретінде марқұмның жұбайы мен ұлы ұсталды. Олар уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу амалдары жүргізілуде», – деп хабарлады Алматы облысы полиция департаменті.

Белгілі болғандай, марқұмның жұбайы бұған дейін құқық қорғау органдарында қызмет атқарған. Қазіргі уақытта оның қылмысқа қатыстылығы тексеріліп жатыр.

Алдын ала мәлімет бойынша, іс бастапқыда «Кісі өлтіру» бабы бойынша тіркелген. Кейін қылмыстың ауыр сипатына байланысты іс қосымша баптар бойынша қайта сараланған.

Қазір аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр.

Тегтер: Алматы облысыҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында 500-ден астам жалған жалға беру хабарландыруы бұғатталды

Қорлан Нұрланқызы
24.06.2026

Қарасай ауданында құтқарушылар арматураға ілінген баланы босатты

Қорлан Нұрланқызы
24.06.2026

Алматы облысында кітап оқуды дамытуға арналған меморандумға қол қойылды

Қорлан Нұрланқызы
24.06.2026

Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді

Қорлан Нұрланқызы
24.06.2026

Қазақстанда әскерге шақыру толық цифрлық форматқа көшіріледі

Қорлан Нұрланқызы
24.06.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz