Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысы жазда туристерді қандай шаралармен таңғалдырады?

Алматы облысы биылғы жазда еліміздегі ең ірі мәдени, спорттық және туристік іс-шаралар өтетін басты өңірлердің біріне айналмақ. Маусымнан тамызға дейін облыс аумағында халықаралық музыкалық фестивальдер, этномәдени мерекелер, спорттық жарыстар мен түрлі ойын-сауық жобалары ұйымдастырылады. Бұл туралы облыс әкімдігі мәлімдеді, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
22.06.2026
Аймақ, Жаңалықтар

Жазғы маусымдағы іс-шаралардың басым бөлігі Қонаев қаласы, Қапшағай су қоймасының жағалауы, Іле, Кеген, Райымбек және Талғар аудандарының туристік нысандарында өтеді. Ұйымдастырушылардың айтуынша, ауқымды жобалар өңірдің туристік әлеуетін арттырып қана қоймай, ішкі және сыртқы туризмнің дамуына серпін береді.

Маусым айының бағдарламасы ASPAN FEST музыкалық фестивалімен басталады. Қонаев қаласының орталық алаңында өтетін шарада МузАРТ, Мадина Сәдуақасова, Ернар Айдар, Ғазизхан Шекербек және өзге де танымал өнерпаздар өнер көрсетеді.

Сондай-ақ Oi-Qaragai Panorama аумағында электронды музыка жанкүйерлеріне арналған SPEKTO Open Air фестивалі ұйымдастырылады. Фестивальдің басты қонағы ретінде италиялық музыкант Dusty Kid алғаш рет Қазақстанда эксклюзивті бағдарламасын ұсынады.

Маусым айының ең ірі этномәдени оқиғаларының бірі – Кеген ауданындағы Қымызмұрындық-2026 мерекесі болмақ. Абыз-Баба Әлмерек Жаншықұлының 368 жылдығына арналған шара барысында ұлттық салт-дәстүрлер көрсетіліп, бәйге, қыз қуу, теңге ілу сияқты ұлттық спорт түрлерінен жарыстар өтеді.

Ал заманауи музыка сүйер қауым үшін Іле ауданындағы «Тортуга» демалыс аймағында SATISFACTION Festival ұйымдастырылады. Фестиваль сахнасында Fedde Le Grand, Matisse & Sadko, Burak Yeter және басқа да әлемдік деңгейдегі орындаушылар өнер көрсетеді.

Шілде айында өңірде халықаралық деңгейдегі бірнеше ірі шара жоспарланған. Солардың қатарында Қонаев қаласында өтетін Oceanman Kazakhstan 2026 ашық суда жүзу турнирі, OYU Fest мерейтойлық музыкалық фестивалі және көшпенділер мәдениетіне арналған Nomad Spirit Fest бар.

Сонымен қатар, Райымбек ауданының 90 жылдығына арналған мерекелік іс-шаралар мен «Хан Тәңірі қазынасы» фестивалі өткізіледі. Шалкөде жайлауында ұйымдастырылатын фестиваль ұлттық спорт түрлері, қолөнер көрмелері және концерттік бағдарламамен ерекшеленеді.

Автоспорт жанкүйерлері үшін Қонаев қаласында Central Asia Drift Show халықаралық жарысы өтсе, шілде айының соңында Drive Forum Great Orda 2026 форумы ұйымдастырылады. Ал TOYLA Music Festival сахнасында британдық Hurts тобы мен өзге де танымал әртістер өнер көрсетеді.

Тамыз айында мәдени және туристік жобалар легі жалғасады. Шарын ұлттық паркінде SUAQ аудиоэкспедициясы өтсе, Талғар ауданындағы Байсерке әуеайлағында «Байсерке аспаны – 2026» авиациялық шоуы ұйымдастырылады.

Жаз маусымының басты музыкалық оқиғаларының бірі ретінде халықаралық Park Live Kazakhstan 2026 фестивалі аталып отыр. Үш күнге созылатын шарада әлемдік рок және альтернативті музыка жұлдыздары – Jack White, Gorillaz және The Offspring өнер көрсетеді.

Ал жазғы маусым Family Rock Festival 2026 фестивалімен қорытындыланады. Қонаев қаласындағы ASP Arena алаңында өтетін үш күндік музыкалық марафонға Ресей мен ТМД елдерінің танымал рок топтары қатысады.

Өңір әкімдігінің мәліметінше, жаз бойы өтетін іс-шаралар Алматы облысының туристік тартымдылығын арттырып, қонақтарға мәдениет, спорт және демалысты қатар ұсынатын бірегей мүмкіндік береді.

Тегтер: Алматы облысыБасты жаңалықтарҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысы жазда туристерді қандай шаралармен таңғалдырады?

Қорлан Нұрланқызы
22.06.2026

Алматы облысында кадрлық тағайындау: басқармаға жаңа басшы келді

Қорлан Нұрланқызы
22.06.2026

Алматы облысында «Заң мен тәртіп» қағидаттарын насихаттаған акция ұйымдастырылды

Қорлан Нұрланқызы
22.06.2026

Қапшағай су қоймасынан 5 шақырым заңсыз ау торы шығарылды

Қорлан Нұрланқызы
22.06.2026

Шыңғыс Әрінов Алматы облысында жаңа өрт сөндіру бөлімін ашты

Қорлан Нұрланқызы
22.06.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz