Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысында «Заң мен тәртіп» қағидаттарын насихаттаған акция ұйымдастырылды

Қазақстан полициясы күні қарсаңында Алматы облысы Полиция департаментінің қызметкерлері өңір тұрғындары мен қонақтарына арналған патриоттық әрі ағартушылық акция өткізді, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
22.06.2026
Аймақ, Алматы облысы, Жаңалықтар

Іс-шара Apport сауда ойын-сауық орталығында ұйымдастырылып, полиция қызметінің қоғамдағы рөлі мен маңызын насихаттауға бағытталды.

Акция аясында қызметтік міндетін орындау кезінде қаза тапқан құқық қорғау органдары қызметкерлерінің ерлігіне арналған фотокөрме көпшілік назарына ұсынылды. Келушілер полиция қызметкерлерінің жанқиярлық еңбегімен, олардың кәсіби қызмет барысында көрсеткен батылдығы мен жауапкершілігі туралы ақпаратпен танысты.

Шараның маңызды бөлігінің бірі полиция қызметкерлерінің қатысуымен өткен концерттік бағдарлама болды. Полицейлер патриоттық және лирикалық әндерді орындап, кәсіби міндеттерінен бөлек шығармашылық қырларын да көрсетті. Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай формат тұрғындар мен тәртіп сақшылары арасындағы өзара сенімді нығайтып, ашық қарым-қатынас орнатуға мүмкіндік береді.

Іс-шараға «Жас сақшы» әскери-патриоттық сыныптарының тәрбиеленушілері де белсенді қатысты. Жасөспірімдер полиция қызметінің ерекшеліктерімен танысып, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету ісіндегі тәртіп сақшыларының жауапкершілігі туралы жан-жақты мәлімет алды.

Кездесу барысында полиция қызметкерлері тұрғындарға «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасының негізгі қағидаттарын түсіндіріп, құқық бұзушылықтардың алдын алу, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және азаматтардың құқықтық мәдениетін арттыру бағытында атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде ақпарат берді.

Сондай-ақ азаматтарға заң талаптарын сақтау, қоғамдық тәртіпті құрметтеу және белсенді азаматтық ұстаным қалыптастырудың маңыздылығы түсіндірілді.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, Қазақстан полициясы күніне орай өткізілген бұл шара ішкі істер органдары қызметкерлерінің қоғам алдындағы миссиясын кеңінен таныстыруға және азаматтардың құқық қорғау жүйесіне деген сенімін арттыруға бағытталған.

 

Тегтер: Алматы облысыҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында кадрлық тағайындау: басқармаға жаңа басшы келді

Қорлан Нұрланқызы
22.06.2026

Алматы облысында «Заң мен тәртіп» қағидаттарын насихаттаған акция ұйымдастырылды

Қорлан Нұрланқызы
22.06.2026

Қапшағай су қоймасынан 5 шақырым заңсыз ау торы шығарылды

Қорлан Нұрланқызы
22.06.2026

Шыңғыс Әрінов Алматы облысында жаңа өрт сөндіру бөлімін ашты

Қорлан Нұрланқызы
22.06.2026

Алматы облысының спортшылары халықаралық турнирде топ жарды

Қорлан Нұрланқызы
21.06.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz