Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысында өртенген кәуапханадан 5 газ баллоны шығарылды

Алматы облысының Талғар ауданында орналасқан қоғамдық тамақтану нысандарының бірінде өрт шығып, оқиға орнында сақталған бірнеше газ баллоны төтенше жағдай қаупін күшейтті, деп хабарлайды аlataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026
Аймақ, Алматы облысы, Жаңалықтар

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, 17 маусым күні 112 пультіне Талғар ауданына қарасты Кендала ауылындағы кафеге жапсарлас салынған кәуапхананың өртенгені туралы хабарлама түскен.

Оқиға орнына ТЖМ бөлімшелері жедел жіберіліп, өрт сөндіру жұмыстары дереу басталған.

Ведомство құтқарушылардың жедел әрі үйлесімді әрекетінің арқасында жалынның негізгі кафе ғимаратына таралуына жол берілмеген. Сонымен қатар, өрт ошағынан бес газ баллоны қауіпсіз жерге шығарылып, ықтимал жарылыстың алдын алу мүмкін болған.

«Өртті сөндіру барысында қауіпті аймақтан бес газ баллоны шығарылып, олардың жарылуына жол берілген жоқ. Құтқарушылар 22 минут ішінде 50 шаршы метр аумақтағы өртті толықтай сөндірді», – деп хабарлады ТЖМ баспасөз қызметі.

Өрт салдарынан зардап шеккендер жоқ.

Қазіргі уақытта мамандар өрттің шығу себептерін анықтап жатыр. Тиісті сараптамалар мен тексеру жұмыстары жүргізілуде.

ТЖМ өкілдері қоғамдық тамақтану орындары мен кәсіпкерлік нысандарының иелерін өрт қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтауға шақырды. Әсіресе газ жабдықтарын пайдалану кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтау маңызды екені ескертілді.

Тегтер: Алматы облысыөрт

Соңғы жаңалықтар

Жастарды зиянды әдеттерден қорғау – басты міндет

Диана Ахметова
04.08.2026

Абай болыңыз: жол қауіпсіздігі бәріне ортақ

Диана Ахметова
04.08.2026

Алкогольге тәуелділік: алдын алу және жауапкершілік

Диана Ахметова
04.08.2026

Жаңарған Конституция – жаңа мүмкіндіктер бастауы

Диана Ахметова
04.08.2026

Жасыл Қазақстанға бірге қадам

Диана Ахметова
04.08.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz