Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Мемлекет басшысы Үкіметке Алатау қаласының инфрақұрылымына қажетті қаржы бөлуді тапсырды

Президент Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаевты қабылдады, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
17.06.2026
Аймақ, Алматы облысы, Жаңалықтар

Президентке Қытай Халық Республикасында ұйымдастырылған Alatau City Roadshow қорытындысы туралы мәлімет берілді.

Қанат Бозымбаев халықаралық таныстырылым аясында 20 іс-шара мен бірқатар кездесу өткенін айтты. Нәтижесінде жалпы сомасы 6,4 миллиард доллар болатын 30 келісім мен меморандумға қол қойылған. Шэньчжэнь қаласының мэрі Цинь Вэйчжунмен, Гонконг Арнайы әкімшілік ауданының Басшысы Джон Лимен, сондай-ақ ірі халықаралық компаниялардың жетекшілерімен жүздесуде Алатау қаласының инвестициялық мүмкіндіктері таныстырылған.

Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаевқа жуырда Алматы облысына сапары кезінде берген тапсырмаларын ескере отырып жасалған жұмыс жоспары баяндалды.

Мемлекет басшысы су ресурстары саласындағы жобалардың жүзеге асырылуы, соның ішінде гидротехникалық құрылыстарды жаңғырту, жаңа су қоймалары мен каналдар салу туралы есепті тыңдады.

Бұдан бөлек, кездесуде «Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту» ұлттық жобасының орындалу барысы қарастырылды. Биыл тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық инфрақұрылымын жаңартуға 1,1 триллион теңгеден астам қаржы бөлінеді. Бұл – тәуелсіздік жылдарында салаға бағытталған ең қомақты сома. Қаржыландыруды отандық және халықаралық қаржы институттары қамтамасыз етеді. Аталған шаралар үш жыл ішінде коммуналдық желілердің тозуын 40 пайызға дейін қысқартады.

Мемлекет басшысы энергетикалық және коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту жобаларына отандық тауар өндірушілерді кеңінен тарту қажеттігіне назар аударды.

Сонымен қатар, Президент еліміздегі, әсіресе, оңтүстік облыстардағы вегетация кезеңін айрықша бақылауды ұстауды тапсырды.

Қасым-Жомарт Тоқаев Алатау қаласын дамытуға арналған орнықты модель қалыптастырудың, дүние жүзінен капитал тартып, инновацияларды игеру үшін қолайлы орта құрудың маңызына тоқталды. Үкіметке Алатау қаласының инфрақұрылымына қажетті қаржы бөлу міндетін жүктеді.

Тегтер: Алматы облысыҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

СҰХБАТ: Халыққа мемлекеттік қызмет көрсету сапасы және жүйелі мәселелерді шешу жолдары

Мөлдір Иманмади
30.09.2026

Алматы облысында «Ақши-агросервис» серіктестігіне нұсқама шығарылды

Қорлан Нұрланқызы
30.09.2026

Шеңгелдіде 1200 тонна заңсыз қоқыс шығарылды

Қорлан Нұрланқызы
30.09.2026

Алматы облысында үш жүргізуші 10 тәулікке қамалды

Қорлан Нұрланқызы
30.09.2026

Таза Қазақстан – болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілік

Акжаркын
30.09.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz