Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Нарынқолда өңірден шыққан ғалымдар форумы өтті

Алматы облысының Райымбек ауданында ғылым мен білім саласына үлес қосып жүрген жерлестердің басын қосқан ауқымды форум өтті, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
15.06.2026
Аймақ, Алматы облысы, Жаңалықтар

Нарынқол өңірінде ұйымдастырылған ғылыми-тәжірибелік конференцияға академиктер, жоғары оқу орындарының басшылары, ғалымдар, педагогтер, меценаттар мен жастар қатысты.

Форум аудан әкімдігінің бастамасымен ұйымдастырылып, оған Алматы облысының әкімдігі қолдау көрсетті. Шараның негізгі мақсаты – жастар арасында ғылым мен білімнің маңызын насихаттау, өңірден шыққан ғалымдардың тәжірибесін жас ұрпаққа жеткізу және туған жердің дамуына бағытталған жаңа жобаларды талқылау болды.

Райымбек ауданының әкімі Дастан Құдабаевтың айтуынша, бүгінде ауданнан шыққан 500-ден астам ғалым еліміздің әртүрлі саласында еңбек етіп жүр.

«Біз бұл бастаманы үш ұрпақтың басқосуы деп атадық. Ғылым мен білім – болашақтың кепілі. Форумның басты мақсаты – туған жерімен байланысын үзбеген азаматтарды біріктіріп, олардың тәжірибесі мен әлеуетін ауданның дамуына бағыттау», – деді аудан әкімі.

Форумға мемлекет және қоғам қайраткері, академик Әділ Ахметов, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің басқарма төрағасы-ректоры Бейбіткүл Кәрімова, жоғары оқу орындарының жетекшілері мен белгілі ғалымдар қатысты.

Кездесу барысында аудан мектептерінің түлектері ғылым мен білім саласындағы танымал тұлғалармен жүздесіп, олардың өмірлік тәжірибелері мен кәсіби жетістіктері туралы әңгімелерін тыңдады.

Академик Әділ Ахметов жастарды сапалы білім алып, туған елге қызмет етуге шақырды.

«Білім алу және оны ел игілігіне жұмсау – әр азаматтың парызы. Өңірден шыққан ғалымдардың басын қосқан бұл форум ғылым мен өндірісті, ауыл шаруашылығын байланыстыруға мүмкіндік береді», – деді ол.

Форум аясында оқушылардың ғылыми жобалары, робототехника, жасанды интеллект, экология және қолөнер бағытындағы жұмыстарының көрмесі ұйымдастырылды. Жас зерттеушілер өз жобаларын таныстырып, сарапшылардан пікір алды.

Іс-шараның маңызды нәтижелерінің бірі – Алматы облыстық білім басқармасы мен еліміздің 11 жоғары оқу орны арасында ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойылуы болды. Тараптар кәсіби бағдар беру жұмыстарын күшейтіп, ауыл жастарының сапалы жоғары білімге қолжетімділігін арттыру бағытында бірлесіп жұмыс істеуге келісті.

Форумның екінші кезеңі Қақпақ ауылындағы Жәменке орта мектебінде жалғасты. Мұнда жоғары оқу орындарының профессорлары мен оқытушылары мектеп бітіруші түлектерге мамандық таңдау, білім алу және мансап қалыптастыру жөнінде кеңестер берді.

Айта кетейік, биыл Райымбек ауданының құрылғанына 90 жыл толады. Осыған орай аудан көлемінде «90 жылдыққа – 90 шара» жобасы жүзеге асырылып жатыр. Ғылым және білім форумы сол мерейтойлық іс-шаралар легінің маңызды бөлігі саналады.

Тегтер: Алматы облысыНарынқол

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында ер адамды канал ағысы 3,5 шақырымға алып кеткен

Қорлан Нұрланқызы
15.06.2026

Геннадий Головкин Мұхаммед Әли мен Майк Тайсонның қатарына қосылды

Қорлан Нұрланқызы
15.06.2026

Алматы облысында есірткі зертханасы жойылды: 125 мың доза тәркіленді

Қорлан Нұрланқызы
15.06.2026

Алматы облысында ағыс алып кеткен 10 жастағы бала құтқарылды

Қорлан Нұрланқызы
15.06.2026

Алматы тауларындағы сел жағдайы тексерілді: мамандар қорытынды шығарды

Қорлан Нұрланқызы
15.06.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz