Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Ирандық компания Алматы облысында ірімшік зауытын салады

Алматы облысында жылына 155 мың тонна өнім өндіретін ірі ірімшік зауыты салынады. Жобаны жүзеге асыруға ирандық инвестор 35,2 миллиард теңге қаржы құймақ, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
14.06.2026
Аймақ, Алматы облысы, Жаңалықтар

Инвестициялық келісімге Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров пен Иранның ірі азық-түлік холдингінің президенті Голам Али Сулеймани қол қойды.

Жоба Қазақстан мен Иран арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту бағытындағы маңызды қадамдардың бірі саналады. Сонымен қатар бұл келісім өткен жылдың желтоқсанында Иран Ислам Республикасы Президентінің Қазақстанға сапары барысында қол жеткізілген уағдаластықтардың жалғасы болып отыр.

Жылына 155 мың тонна өнім өндіріледі

Жоспар бойынша жаңа өндіріс орны Алматы облысында бой көтереді. Қазіргі уақытта құрылыс жүргізілетін аумақта құрылыс-монтаж жұмыстары басталған.

Жобаның жалпы құны 35,2 миллиард теңгені құрайды. Зауыт іске қосылғаннан кейін сүтті терең өңдеп, ірімшік пен басқа да сүт өнімдерін өндіретін еліміздегі ең ірі кәсіпорындардың біріне айналмақ.

Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаровтың айтуынша, агроөнеркәсіптік кешендегі өңдеу саласын дамыту мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі болып қала береді.

«Мемлекет басшысы агроөнеркәсіп кешенінде өңделген өнім үлесін арттыру және жоғары қосылған құны бар өндірістерді құру міндетін жүктеді. Сүт саласының әлеуеті өте жоғары. Өткен жылы елімізде ірімшік пен сүзбе өндірісі 13,1 пайызға өсті. Жаңа зауыттың іске қосылуы қайта өңдеу көлемін ұлғайтып қана қоймай, отандық сүт өндірушілер үшін тұрақты өткізу нарығын қалыптастырады», – деді министр.

400 жаңа жұмыс орны ашылады

Ирандық инвестор жобаны жүзеге асыру аясында 400 тұрақты жұмыс орнын құруды жоспарлап отыр. Сонымен қатар қазақстандық мамандарды оқыту және даярлау, заманауи технологияларды енгізу көзделген.

Голам Али Сулейманидің айтуынша, компания Қазақстанды ұзақ мерзімді стратегиялық серіктес ретінде қарастырады.

«Қазақстанның аграрлық әлеуеті жоғары, географиялық орналасуы тиімді және инвестициялық климаты қолайлы. Біз бұл елді тек жекелеген жобаларды іске асыратын алаң ретінде емес, сенімді стратегиялық әріптес ретінде бағалаймыз. Ірімшік зауытымен қатар картоп өңдеу және балалар тағамын өндіру бағытындағы жобаларды да қарастырып жатырмыз», – деді ол.

Зауыт 2029 жылы іске қосылады

Келісім аясында өндіріс орнына қажетті инженерлік инфрақұрылым жүргізіліп, инвесторға мемлекеттік қолдау шаралары ұсынылады.

Жоспар бойынша зауыттың құрылысы 2029 жылы аяқталып, пайдалануға беріледі.

Сондай-ақ компания 2028-2038 жылдар аралығында Алматы облысындағы жергілікті қауымдастықтарды қолдау және әлеуметтік жобаларды жүзеге асыру үшін жыл сайын 50 миллион теңге бөлуді жоспарлап отыр.

Тегтер: Алматы облысыҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында нашақорлықтың алдын алу мәселелері талқыланды

Қорлан Нұрланқызы
14.06.2026

Алматы облысында заңсыз алкоголь саудасына қарсы күрес күшейтілді

Қорлан Нұрланқызы
14.06.2026

Ирандық компания Алматы облысында ірімшік зауытын салады

Қорлан Нұрланқызы
14.06.2026

Тоқаев Трампты туған күнімен құттықтады

Қорлан Нұрланқызы
14.06.2026

Әлеуметтік желідегі видеодан кейін «ҚазАвтоЖол» түсініктеме берді

Қорлан Нұрланқызы
14.06.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz