Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысында нашақорлықтың алдын алу мәселелері талқыланды

Қонаев қаласында нашақорлықтың алдын алу және есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл мәселелеріне арналған Өңірлік ведомствоаралық штабтың кезектен тыс отырысы өтті. Жиын Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің бастамасымен ұйымдастырылды, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
14.06.2026
Аймақ, Алматы облысы, Жаңалықтар

Жиынды Алматы облысы әкімінің міндетін атқарушы Қанат Есболатов жүргізді.

Іс-шараға ҚР ІІМ Профилактикалық жұмысты үйлестіру комитетінің төрағасы Арман Саданов, ҚР ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті төрағасының орынбасары Қуандық Әлжанов, Ішкі істер министрлігінің өкілдері, есірткі құқықбұзушылықтарының алдын алу жөніндегі республикалық және өңірлік кеңестердің мүшелері, сондай-ақ мемлекеттік органдар мен қоғамдық ұйымдардың өкілдері қатысты.

Жиын барысында нашақорлықтың алдын алу, есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрес, кәмелетке толмағандар мен жастардың есірткі ортасына тартылуының алдын алу, халыққа наркологиялық көмек көрсету және осы бағыттағы ведомствоаралық өзара іс-қимылды күшейту мәселелері қаралды.

Қатысушылар есірткі қылмысына қарсы күресте алдын алу шараларының маңыздылығына ерекше тоқталып, жастар арасында түсіндіру жұмыстарын күшейту қажеттігін атап өтті.

Отырыста интернет-ресурстар, әлеуметтік желілер мен мессенджерлер арқылы таралатын синтетикалық есірткілер мәселесі де кеңінен талқыланды.

Мамандар жастар арасында есірткіге қарсы тұру мәдениетін қалыптастыру, салауатты өмір салтын насихаттау және ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейту бағытында атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндады.

Сонымен қатар, цифрлық кеңістікте есірткі өнімдерін насихаттау мен заңсыз сатуға қарсы күрес тетіктерін жетілдіру мәселелері қарастырылды.

Жиын қорытындысы бойынша жауапты мемлекеттік органдарға профилактикалық жұмысты күшейту, ведомствоаралық өзара іс-қимыл тетіктерін жетілдіру және есірткі қылмысына қарсы қабылданып жатқан шаралардың тиімділігін арттыру бойынша нақты тапсырмалар жүктелді.

Сондай-ақ жастарды есірткінің заңсыз айналымына тартудан қорғау және қоғамда салауатты өмір салтын қалыптастыру бағытындағы жұмыстарды жүйелі түрде жалғастыру қажеттігі атап өтілді.

Тегтер: Алматы облысыБасты жаңалықтарҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

Қырағылық – киберқылмысқа қарсы қорған

Диана Ахметова
13.08.2026

Жол мәдениеті – адам өмірінің кепілі

Диана Ахметова
13.08.2026

Экологиялық мәдениет – өркениет өлшемі

Диана Ахметова
13.08.2026

Құқықтық қоғам – жарқын болашақ кепілі

Диана Ахметова
13.08.2026

Конституция: кеше, бүгін және ертең

Диана Ахметова
13.08.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz