Кездесудің мақсаты – тұрғындарға конституциялық реформалардың мәні мен маңызын түсіндіру, құқықтық мәдениетті қалыптастыру және заң үстемдігі қағидаттарын кеңінен насихаттау.
Жиын барысында Мемлекет басшысының жаңа Конституцияның мазмұнын халыққа жан-жақты түсіндіру жөніндегі тапсырмаларын іске асыру мәселелері талқыланды. Қатысушылар елімізде жүзеге асырылып жатқан саяси жаңғыру үдерістеріне тоқталып, конституциялық өзгерістердің азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғаудағы маңызын атап өтті.
Кездесу аясында қоғамда заң мен тәртіп қағидатын нығайту, тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыру және құқық бұзушылықтардың алдын алу мәселелері кеңінен сөз болды. Сондай-ақ Конституцияда бекітілген негізгі құндылықтарды дәріптеу, азаматтардың құқықтары мен міндеттері туралы ақпарат беру бағытында түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Іс-шара барысында заң талаптарын сақтау, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету және азаматтық жауапкершілікті арттырудың маңыздылығы ерекше атап өтілді. Қатысушылар құқықтық мемлекет құру ісінде әрбір азаматтың рөлі маңызды екенін жеткізді.
«Заңға құрмет пен тәртіпке бағыну – қоғамдағы тұрақтылық пен келісімнің, қауіпсіздік пен әділеттіліктің басты кепілі. Әрбір азамат Конституция талаптарын құрметтеп, заң аясында әрекет етуі тиіс», – деп атап өтті жиынға қатысушылар.
Шара барысында сөз сөйлеген Алатау қаласының қоғамдық пікір көшбасшысы Сандуғаш Баймолдаева құқықтық мәдениетті қалыптастыру мен заң үстемдігін нығайту қоғам дамуының маңызды алғышарттарының бірі екенін айтты.
Бүгінде «Заң мен Тәртіп» қағидаты Қазақстанның даму стратегиясындағы негізгі басымдықтардың бірі ретінде қарастырылып отыр. Бұл бағыт азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге және елдің орнықты дамуына негіз қалайды.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, Алатау қаласында өткізілетін мұндай ақпараттық-түсіндіру кездесулері тұрғындардың құқықтық санасын арттыруға, Конституцияның қоғам өміріндегі рөлін түсіндіруге және заң үстемдігі мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді.





