Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Қазақстанда 15 мыңнан астам адамға рақымшылық жасалады

Қазақстан Парламенті Сенаты «Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының қабылдануына байланысты рақымшылық жасау туралы» заңды мақұлдады, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
12.06.2026
Жаңалықтар, Қоғам

Құжат қылмыстық саясатты ізгілендіруге бағытталған және Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша әзірленген.

Заңға сәйкес, жаңа Конституцияның қабылдануына орай жарияланған рақымшылық 15 мыңнан астам азаматты қамтиды. Атап айтқанда, қылмыстық теріс қылықтар мен онша ауыр емес қылмыстар жасаған адамдар қылмыстық жауапкершіліктен және негізгі жазадан босатылады.

Сонымен қатар, Қазақстан тарихында алғаш рет әкімшілік рақымшылық енгізілмек. Бұл норма бойынша азаматтармен қатар жеке кәсіпкерлер, нотариустар, адвокаттар, жеке сот орындаушылары және заң консультанттары орындалмаған әкімшілік айыппұлдарды төлеуден босатылады.

Алайда рақымшылық барлық санаттағы құқық бұзушыларға қолданылмайды. Заңның күші терроризм және экстремизм қылмыстары, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары, ұйымдасқан қылмыстық топтарға қатысу, азаптау, кәмелетке толмағандардың жыныстық қол сұғылмаушылығына қарсы қылмыстар үшін сотталғандарға, сондай-ақ қайталама қылмыс жасағандарға, өмір бойына бас бостандығынан айырылғандарға және сырттай сотталғандарға таралмайды.

Алдын ала есептеулер бойынша, рақымшылық шамамен 15,3 мың адамды қамтиды. Оның ішінде 4,5 мыңға жуық адам жазадан толық босатылады. Тағы 10,8 мыңнан астам сотталғанның жаза мерзімі немесе жаза көлемі қысқартылады.

Бұған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев рақымшылық қоғам мен мемлекеттің қауіпсіздігіне қатер төндірмейтін құқық бұзушылықтарға ғана қатысты қолданылатынын атап өткен болатын.

Тегтер: Қазақстанқылмыс

Соңғы жаңалықтар

Alatau City-де KAIST филиалын ашу жобасының техникалық-экономикалық негіздемесі таныстырылды

Қорлан Нұрланқызы
01.08.2026

Алматы облысында инвестициялық жобаларды іске асыру мәселелері талқыланды

Қорлан Нұрланқызы
01.08.2026

Қонаевта дәрігерлер асқазан қатерлі ісігінің асқынған түріне күрделі ота жасады

Қорлан Нұрланқызы
31.07.2026

Қазақстандық оқушылардың 2026–2027 оқу жылындағы каникул кестесі бекітілді

Қорлан Нұрланқызы
31.07.2026

Іле ауданында егін жинау науқаны қарқын алды: алғашқы өнім жиналып жатыр

Қорлан Нұрланқызы
31.07.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz