Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысында қоқысқа толған жер телімдерінің иелері тексеріледі

Іле ауданындағы қоқысқа толған жер телімдерінің иелерін экологтар, жер қатынастары саласының мамандары және құқық қорғау органдары тексереді, деп хабарайды Alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
11.06.2026
Аймақ, Жаңалықтар

Іле ауданы аумағында орналасқан және «ECOBUS QK» ЖШС, «Gold Terra Expedition» ЖШС, сондай-ақ жекелеген азаматтардың жеке меншігіндегі бірқатар жер телімдерінде ұзақ уақыт бойы құрылыс және тұрмыстық қалдықтарды заңсыз төгу фактілері тіркеліп келеді.

Бұл мәселеге байланысты жақын маңдағы елді мекен тұрғындары жергілікті атқарушы органдарға бірнеше рет шағымданған. Тұрғындар аумақтың санитарлық жағдайына және стихиялық қоқыс орындарының қоршаған ортаға тигізетін кері әсеріне алаңдаушылық білдірген.

Жер телімдерін тиісті санитарлық жағдайда ұстау олардың меншік иелері мен жер пайдаланушыларының міндеті болғанымен, Өтеген батыр ауылдық округінің әкімдігі бірнеше рет тазалық жұмыстарын ұйымдастырған. Соңғы уақытта арнайы техниканың көмегімен аумақты тазалау және қоқысты шығару жұмыстары кемінде үш мәрте жүргізілген.

Сонымен қатар, жер иелеріне стихиялық қоқыс орындарын жою және аумақтарды жер, экологиялық және санитарлық заңнама талаптарына сәйкестендіру қажеттігі туралы ресми хабарламалар жолданған.

Тиісті материалдар Алматы облысының Экология департаментіне, Жер ресурстарын басқару департаментіне, прокуратура және полиция органдарына жолданған. Құзырлы мекемелер заң аясында тексеру жүргізіп, тиісті шара қабылдайды.

Қазіргі уақытта уәкілетті мемлекеттік органдармен бірлесіп қосымша бақылау тетіктері қарастырылып жатыр. Атап айтқанда, қоқыс жиі төгілетін орындар мен кіреберіс жолдарға бейнебақылау камераларын орнату мәселесі пысықталуда.

Алматы облысы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және абаттандыру басқармасының басшысы Димаш Қожабековтің айтуынша, негізгі мақсат – тек қоқыс үйінділерін жою ғана емес, өз жер телімдерін күтіп-ұстауға немқұрайлы қарайтын меншік иелері мен қалдықтарды заңсыз төгетін тұлғалардың жауапкершілігін қамтамасыз ету.

«Біз барлық қажетті материалдарды құзырлы органдарға жолдадық. Жер телімдерінің қоқысқа толуына жол берген тұлғаларды жауапкершілікке тартуға күш саламыз. Әр адам қоршаған ортаға жанашырлықпен қарап, ең алдымен өзінен бастауы керек. Бұл тұрғындарға да, жеке ұйымдарға да қатысты. Біз осы мәселені “Таза Қазақстан” бағдарламасы аясында тұрақты түрде көтеріп келеміз», – деді Димаш Қожабеков.

Ведомство хабарлауынша, анықталған әрбір құқық бұзушылық фактісіне құқықтық баға беріледі. Тексеру қорытындысы бойынша кінәлі тұлғаларға заңнамада көзделген жауапкершілік шаралары қолданылады.

Тегтер: Алматы облысы

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында қоқысқа толған жер телімдерінің иелері тексеріледі

Қорлан Нұрланқызы
11.06.2026

Алматы облысында «ҚазМясо» бордақылау алаңының әлеуеті талқыланды

Қорлан Нұрланқызы
11.06.2026

Алматы облысында құс фабрикасының өндірістік әлеуеті артады

Қорлан Нұрланқызы
11.06.2026

Алматы облысында тұрғын үй ауласынан шыққан жылан ұсталды

Қорлан Нұрланқызы
11.06.2026

Алматы облысындағы «Кеген – Нарынқол» жолында бір айға қозғалыс шектеледі

Қорлан Нұрланқызы
11.06.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz