Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Қапшағай су қоймасында ағысқа кеткен қайықтағы үш адам құтқарылды

Алматы облысында Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқарушылары Қапшағай су қоймасында ағысқа кетіп қалған қайықтағы үш адамды құтқарды, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
10.06.2026
Аймақ, Алматы облысы, Жаңалықтар

ТЖМ мәліметінше, бүгін Алматы облысының 112 жедел қызметіне Қонаев қаласындағы Қапшағай су қоймасының акваториясында оқиға болғаны туралы хабарлама келіп түскен.

Алдын ала мәлімет бойынша, қатты желдің салдарынан ішінде үш ересек адам болған понтон-қайық жағадан алыстап кеткен. Оқиға орнына жедел түрде құтқару бөлімшелері жіберілді.

Құтқарушылар су бетінде дрейфте жүрген жүзу құралын тауып, оны жағаға дейін сүйреп жеткізген. Кейін қайықтағы адамдар қауіпсіз жерге эвакуацияланды.

Ведомство үш азаматтың барлығы аман-есен құтқарылып, медициналық көмекке мұқтаж болмағанын растады.

Осыған байланысты Төтенше жағдайлар министрлігі тұрғындарға су айдындарында қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауға кеңес береді. Мамандар қайықпен немесе басқа да жүзу құралдарымен суға шығар алдында ауа райы болжамын міндетті түрде ескеруге шақырды.

Тегтер: Алматы облысыҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

Қаржы министрі 2025 жылғы бюджеттің орындалуы туралы есеп берді

Қорлан Нұрланқызы
10.06.2026

ІІМ азаматтар мен ойын-сауық орындары иелеріне үндеу жолдады

Қорлан Нұрланқызы
10.06.2026

Алматы облысында екі ауылдық округтің жаңа әкімдері сайланды

Қорлан Нұрланқызы
10.06.2026

Қапшағай су қоймасында ағысқа кеткен қайықтағы үш адам құтқарылды

Қорлан Нұрланқызы
10.06.2026

Алматы облысындағы оқу-жаттығу кезінде полицейлер зардап шекті

Қорлан Нұрланқызы
10.06.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz