Биыл 6 шілде – Астана күні мемлекеттік мерекесі дүйсенбіге сәйкес келіп отыр.
Осыған байланысты бес күндік жұмыс аптасымен еңбек ететін азаматтар үшін 4, 5 және 6 шілде күндері (сенбі, жексенбі және дүйсенбі) демалыс болады. Жұмыс аптасы 7 шілде, сейсенбі күні қайта басталады.
Алты күндік жұмыс кестесімен жұмыс істейтіндер үшін демалыс күндері 5 және 6 шілдеге (жексенбі және дүйсенбі) белгіленген. Ал 4 шілде, сенбі күні жұмыс күні болып қала береді.
Осылайша, 2026 жылдың шілде айында бес күндік жұмыс аптасы бойынша жұмыс істейтін қазақстандықтарды 9 демалыс күні мен 22 жұмыс күні күтіп тұр.
Ал алты күндік жұмыс аптасы кезінде ай ішінде 5 демалыс күні және 26 жұмыс күні қарастырылған.
Еске салайық, Астана күні жыл сайын 6 шілдеде атап өтіледі. Бұл күн Қазақстандағы мемлекеттік мерекелердің бірі саналады және елорда тарихы мен оның ел дамуындағы маңызын айшықтайтын мереке ретінде аталып өтеді.





